ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДА ДА «MEN QAZAQPYN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢАРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

18:52, 14 мамыр 2018

Әлемнің алдыңғы елдерінің қатарына қосылу үшін білім саласын кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, қазақстандық мектептер бүгінде жаңартылған білім бағдарламасы аясында үш тілді оқыту жүйесіне көшкен. Бұдан бөлек, оқушы білімін бағалаудың жаңа критерийлері енгізілуде. Павлодарлық ұстаздардың бұл бағыттағы ізденісі қандай? Мұғалімдер қауымы жаңа реформаларға қаншалықты дайын? Бұл туралы тілшіміз Қуандық Танабас тарқатады.

Қазақстанның білім беру жүйесі соңғы бес жылдың бедерінде бұрын-соңды болмаған модернизацияны бастан өткерді. Алдағы бес жылда білім саласында бұдан да ауқымды өзгерістер болады деп күтілуде. Айталық, бүгінде оқушының білімі бұрынғыдай балдық жүйемен бағаланбайды. Яғни, күнделіке 2,3,4,5 деген бағалар қойылмайды. Оны критериалдық бағалау жүйесі алмастырған. Армангүл Сыздықова жаңартылған білім беру бағдарламасын қолданып қана қоймайс, оны ілгерілетуге, дамытуға үлес қосып жүрген ұстаздардың бірі. Мұғалімнің айтуынша, жаңа бағалаудың арқасында – оқушы бағаға емес, нәтижеге жұмыс істейтін болады.

Жаңашыл ұстаздардың бірі – лебяжілік Жанат Шуганов. Сәдуақас Сатыбалдин атындағы мектепте жұмыс істейтін жас маман оқушыларға география пәнін үш тілде жүргізеді. Бастапқыда жаңа жүйе таңсық болса да кейін тілдік курстарға қатысып, шет тілінде сөйлеуге төселіп алдым дейді мұғалім. Үш тілде қатар білім беру баланың логикалық ойлау қабілетін жоғарылатып, география пәніне де қызығушылығын арттырғанын айтады.

Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру, оны жетілдіру жолында павлодарлық ұстаздар жаңа жобалар әзірлеуде. Мұғалімдер оны жыл сайын өтетін «Педагогикалық шеберлік» байқауында қазылар алқасы алдында қорғайды.  Аталмыш жобалар білім саласына жаңа озық әдістемелерді, инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуді көздейді.

Қуандық ТАНАБАС

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары

Тақырып бойынша материалдар

СОЛНЕЧНЫЙДА 420 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНЫП ЖАТЫР
11:31, 18 мамыр 2018
СОЛНЕЧНЫЙДА 420 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
«СЕРПІН» ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАП ЕКІ ЖАТАҚХАНА САЛАТЫН БОЛАДЫ
16:13, 10 мамыр 2018
«СЕРПІН» ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАП ЕКІ ЖАТАҚХАНА САЛАТЫН БОЛАДЫ
Толығырақ...
ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
12:37, 28 сәуір 2018
ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НҮКЕНОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ
09:47, 17 мамыр 2018
НҮКЕНОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАДЫ
10:05, 15 мамыр 2018
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАД...
Толығырақ...
 «MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛДЫ
20:29, 15 мамыр 2018
«MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛД...
Толығырақ...