ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АУДАНДЫҚ ЕСЕП

15:49, 25 маусым 2019

Павлодар облысының әкімі Ертіс ауданында кезекті жұмыс сапарымен болды. Аймақ басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, бірнеше ауылшаруашылық кәсіпорындарын аралады. Жастармен және көпбалалы аналармен жүздесті. Жиын соңында Болат Бақауов аудан басшысының есебін тыңдап, атқарылған жұмыстардың қорытындысына көңілі толмады.

Сапар барысында аймақ басшысы Ертіс агротехникалық колледжінде студенттермен кездесті.  Болат Бақауов жастарға тек арнайы орта біліммен шектеліп қана қоймай, болашақта өз бизнесін ашуға ұмтылуға кеңес берді. Өңір басшысы сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушылармен де жүздесті. Көп балалы аналарға арналаған арнайы облыстағы түрлі бағдарламалар туралы айтылды. Ертіс ауданының әкімі Серік Батырғожиновтың айтуынша, АӘК алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда артты.

Серік Батырғожинов, Ертіс ауданының әкімі:

Өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 56 аз қамтылған отбасыдан 152-е дейін немесе 2,7 есеге артты.

Болат Бақауов көп балалы аналармен сөйлесіп, олардың барлық сұрақтарын тыңдады. Кездесу соңында аймақ басшысы ақшалай немесе тұрғын үй мәселесін шешу үшін көмек күтуді емес, өзін-өзі алға жылжыту қажеттігін атап өтті. Мемлекет ұсынатын бағдарламалар мен гранттарды пайдалану керектігіне де тоқталды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Сіздер қазір дайын болу керексіздер. Сіздер де миллиондап кредит алған жоқсыздар ғой, мүмкін кредитті теледидар мен тоңазытқышқа алған шығасыздар. Сондықтан ақшаны тауып, қарызды қалай жабу керектігін ойластыру қажет. Себебі, күзде немесе келесі жылы грант алуды жоспарлайсыздар ғой.

Сондай-ақ әкім жергілікті шаруа қожалықтарының жұмысымен де танысты. Кездесу соңында Ертіс ауданының басшысы Серік Батырғожинов есеп берді. Болат Бақауов есепте тыңдай отыра, атқарылған жұмыс әлсіз деп бағасын берді. Мәселен, өткен кезеңде ауданда инвестиция көлемі 94 пайызға төмендеген. Ауданда демография төмендеді, бос тұрған үйлер де жөнделмеген. Сондай-ақ, жас мамандарды ауылға тарту тапсырмасы да орындалмаған.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

118 маман мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізді. Соның 25-і ауданнан шығып кетті. Бүгінгі күні бағдарлама бойынша келген 20 маманда 0,1 пайызға алынған шикізаты бойынша мерзімі өткен қарыздары бар. Мәселелерді уақытылы шешу керек.

Аймақ басшысы атқарылған жұмысқа көңілі толмай, маңызды шаруаларды дереу тындыруды тапсырды

Марина САХАРОВА.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар