ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«АРТ-ЕРІКТІ» НАУҚАНЫ

12:15, 11 қараша 2019

«Арт-Ерікті» жобасының қатысушылары Павлодардағы мамандандырылған орталықтардың біріне арнайы барды. Осылайша белсенді жастар қиын өмірлік жағдайға түскен балаларға қолдау көрсетуді шешкен. Шығармашылық жолда қолдау көрсеткен жастармен бірге әріптесіміз де барып қайтты.

30-дан астам павлодарлық еріктілер апта сайын осындай акциялар өткізіп тұрады. Мында олар қолөнер, актерлік шеберлік бойынша әртүрлі шеберлік сағаттар, концерттік бағдарламалар мен түрлі байқауларға қатысады.

Әмина Қуантқанова, жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілер орталығының инспекторы:

Біздің бұл акция тамыз айынан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Бұл акцияның негізгі мақсаты балалар үйлеріндегі оңалту орталықтарында және қарттар үйлеріндегі тәрбиеленушілермен сурет салып олармен әр түрлі ойындар өткізу. Және де біз оларға концерттік бағдарламалар қоямыз.

Айта кетейік, ойын - сауық бағдарламасында-үстел ойындары мен сурет салу жұмыстары да жүзеге асырылды. Өзара қарым-қатынас үшін жиналғандар бейнелеу өнерінің жарқын әлеміне қалам тербеді.

Марина Игнатченко, орталық тәрбиеленушісі:

Шығармашылық  жұмыс оң нәтиже береді. Осы жердегі жандардың ішкі әлеуетін ашуға және сыртқы әлемнің көптеген жаңалықтарын білуге бұл орталық көмектеседі.

Бұл акция 4 айдан бері  үнемі жалғасын тауып отыр. Шығармашылыққа жаны жақын жастар - өмір сынағына түскен балаларға үнемі қолдау көрсетіп келеді.  

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, Дария ЖУМАБЕКОВА                                                                              

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар