ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ

11:37, 12 ақпан 2019

Елімізде енді 1-сыныпқа балалар 7 жастан емес 6 жастан бастап қабылданады. Яғни, күнтізбелік жылдың соңына дейін бала 6 жасқа толған жағдайда, бүлдіршін мектеп табалдырығын міндетті түрде аттауы тиіс.

Білім және ғылым министрлігінің жаңа ережелеріне сәйкес, енді жасы алтыға толған балақай мектепке қабылдануы тиіс. Осылайша білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың оқумен қамтамасыз етпек. Алтыға жасы жақындап қалған, яғни қараша, желтоқсан айларында туған балалар да 1-сыныпқа барады. Өйткені, балалар күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толып, мектепке қабылдану құқығына ие болады.

ЖАНАТ АСАЙЫНОВА, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Білім беру заңына өзгерістер енгізілді. Нақтырақ, біз 31-бап туралы айтудамыз. Бұл жерде бірінші сыныпқа 6 жастан бастап Оқушылар қабылданатыны анық жазылған. Яғни, бұл норма ағымдағы жылдың 1 қаңтарында күшіне енді, сондықтан биыл толық 6 жасқа келген балалар қыркүйек айында бірінші сыныпқа баруға міндетті болады.

«Баланы неше жастан мектепке берген жөн?» деген сұрақ кімді де болса ойлантады. Дегенмен, кейде «баламыз оқи алады, әріп таниды, санай алады» деп бес жастан бастап, ерте оқытуға беріп жататындар бар. Алайда, жаңа ережеге сәйкес, талап күшейді. Ата-ана өз қалауымен баланы мектепке дейінгі мекемеге немесе балабақшаға бере алмайды. Осыған байланысты тұрғындармен тілдесіп, пікірін білген едік. Біреулері бұны қолдап жатса, наразылық білдірушілер де жоқ емес. Білім саласындағы тағы бір жаңашылдық қаншалықты жемісті болары алдағы күннің еншісінде.  

 

Марина САХАРОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЛАТЫН ҚАРПІН ҮЙРЕНУДЕ
19:02, 12 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЛАТЫН ҚАРПІН ҮЙРЕНУДЕ
Толығырақ...
ДИРЕКТОРЛЫҚҚА ҮМІТКЕРЛЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ
17:39, 1 ақпан 2019
ДИРЕКТОРЛЫҚҚА ҮМІТКЕРЛЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...