ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

«AGROSKILLS» БАҒЫТЫ ДАМЫМАҚ

10:38, 14 қыркүйек 2020

Экономиканың бірден-бір негізгі табыс көзі ол – ауылшаруашылығы саласы қазіргі таңда өңірде бұл бағытқа көп басымдық беріліп отыр. Әсіресе, Кемеңгер ауылындағы «Ертіс» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің базасын дамытуға бағытталған жұмыстар тізбегі сан алуан. Ел бойынша еш жерде баламасы жоқ заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген білім ошағында бүгін Агро скилс бағытын енгізуге арналған жиын болып өтті.

Иә, агро сектор – ел экономикасындағы негізгі бағыттың бірі. Бірақ, бұл салада еңбек ететін мамандарды даярлау бірінші орында болуы керек. Яғни, кадр дайындау үшін білім мекемесі толықтай талапқа сай болуы шарт. Тілге тиек етілгелі тұрған Кемеңгердегі колледж бұл шартқа сәйкес келеді. Оқу ордасының заманауи жабдықталған кешендер қатары тағы толықты. Атап айтқанда халықаралық стандарттарға сай агро скилс боксы күрделі жөндеуден өтті. Бұл 20 жыл қаңырап бос тұрған ғимарат. Қалпына келтіру жұмыстарына бюджеттен 233 млн теңге қаражат бөлінген. Бұл тек жөндеуге жұмсалған сомма. Агро скиллс бұл – ауқымы кең, ауылшаруашылығы мамандықтары арасындағы кәсіби байқау түрі. Демек, жетекші оқу орындары студенттерінің басын біріктіретін сайыс алаңы ерекше болуы керек. Ерекшелігі сол, барлығы заман талабына сай. Тіпті, едендегі бетонның өзі су өткізбейді. Бұны Елордалық мамандар жоғары бағалап отыр.

Санжар Тәттібеков, «Талап» АЕҚ WORLDSKILLS қозғалысын дамыту департаментінің басшысы:

Агро скиллс дейміз, агро бағыттағы құзіреттіліктерге, мамандықтарға потенциалы жоғары екендігін көріп отырмыз. Жаңағы корпустарының инфраструктурасымен танысып отырмыз. Келешекте осы колледждің базасында қандайда бір «WorldSkills» қа қатысты іс-шараларды өткізу агро скиллсқа қатысты іс-шараларды өткізу бұл тек қана өңір деңгейінде ғана емес, республикалық деңгейде де.

Сала мамандарының айтуы бойынша WorldSkills қозғалысын жетілдіру – өңірдегі кәсіптік-техникалық білімнің деңгейін арттыруға септігін тигізеді.

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:

Қазақстанда алғаш рет деп айтсақ болады. Агро скиллс қозғалысын соның бастамашсысы болып, міне «Ертіс» агротехникалық колледжін осы агроскиллс қозғалысының басына қойсақ па деген үлкен ниетіміз бар.

Бұдан бөлек елордалық меймандарға білім ошағының биылғы жылы жөндеуден өткен асханасы мен жатақханасы таныстырылды. Айта кету керек, үш ғимаратты қалпына келтіруге 360 млн теңге қаржы жұмсалған.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар