ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

АБАЙ КҮНІ

10:42, 19 ақпан 2020

Абайды тану – қазақты тану, оның маржан тілін, мыңдаған жылдар бойы жалғасқан зор мәдениетін тану. Ұл ақынның әлемі шексіз тұңғиыққа толы. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай №41 мектепте Абай күні аталып өтті.

Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі ұлы кемеңгер. Ол бүкіл адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады.  Оның өмірі мен шығармашылығы шексіздікке толы. Сырға толы ұлы ақынның әлеміне балалар «Абай ұлт рухының жаршысы» атты көрмесінде саяхат жасайды. Төртінші сыныптың оқушылары көрмені тамашалап, түрлі шараларға қатысты.

Әсем Мұқышева, №41 ЖОББМ директорының орынбасары:

Бұндағы мақсатымыз Абайдың шығармашылығын жас ұрпақтың бойына дәріптеу, асыл сөз, сөз құдыретін оқушылардың санасына жеткізу. Абайдың нақыл сөздерін, философиялық ойларын насихаттау мақсатында  осындай іс-шара ұйымдастырып отырмыз.

Бұдан бөлек, викториналық сұрақ-жауап ойыны, дөңгелек үстелдер, поэтиикалық және әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Философ, қазақтың дара тұлғасы Абай Құнанбаевтың әлемімен біз мезетте 1-ші және 11-ші сынып аралығындағы 1500 оқушы таныса алды.

Ксения Никитенко, №41 ЖОББМ 9-сынып оқушысы:

Бүгін  Абайдың 175-жылдығына арналған мектебімізде «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты Абай күні өтіп жатыр. Біз оған белсенді қатысамыз.

Ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай күні» «Ұлылардың ұлысы» атты әдеби-сазды кешпен жалғасты. Мектеп оқушылары барлық өнерлерін ортаға салды. Абайдың өмірінен үзінді ретінде сахналық қойылым қойды. Ақынның әндері шырқалып, ән айтылды. Ұлы ақынның шығармашылығын насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру жоспарда бар. Әрі мұндай шараларды жылда болатын дәстүрлі мерекеге айналдырмақ.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?
11:38, 16 наурыз 2020
ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...