ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

№ 29 БАЛАБАҚШАҒА SMART PAVLODAR ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

20:47, 10 шілде 2018

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Осы ретте жүзеге асырылып отырған шаралар легі Павлодар облысында жетіп артылады. Мұндай жаңашылдық - мектепке дейінгі мекемелерге де келіп жетті

Бағдарламаның басты мақсаты: орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Облыс орталығындағы №29 мектепке дейінгі мекемеде орнатылған арнайы құрылғы -  сәбилерді бақшаға қабылдауда қауіпсіздік шаралары үшін аса қажет. Аталмыш жоба ата-аналар мен бала-бақша ұжымы  тарапынан зор қолдауға ие болуда.  

Алексей САМОЙЛЕНКО, бағдарлама құрушы

(Ата-ана баласын бала-бақшаға алып келген уақытта кіреберістегі орнатылған құрылға саусақ ізін қалдырады, сол сәтте оның ұялы телефонына хабарлама келіп түседі, әрі қарай тәрбиеші де саусақ ізі арқылы баланы қабылдап алады. Яғни ата-ана сәбиін кімге, қашан бергенін біліп отырады. Сондықтан да бөтен біреу бүлдіршінді мекемеден алып кете алмайды. Бұл бағдарлама арнайы мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленді.

 

Құндыз РАХЫМЖАНОВА, Павлодар қалалық білім беру бөлімінің маманы

Бұл жүйе мемлекеттік жекеменшік серіктестігі негізінде іске асырылады, яғни ата-аналардың қалтасынан бір тиын ақша шықпайды. Барлығы жеке меншік серіктестік арқылы жасалады. Бағдарламаны енгізудегі басты мақсат, мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленген, бақылау ата-аналардың биометрикалық дерекетрі арқылы қамтамасыз етіледі.  

 

Мектепке дейінгі ұйымның әрбір тобының кіреберісінде дәл осындай құрылғылар орнатылған. Ата-ана баласын бала-бақшаға әкелген уақытта арнайы қондырғыға саусағын қойып, таңбалайды. Кейін бұл әрекетті тәрбиеші де орындайды. Яғни құрылғы арқылы баланың мекемеге нешеде келіп-кеткені және сәбиді кім әкелгені жөнінде толық ақпарат жүйеге енгізіліп отырады. Жалпы деректер базасында да  сәбиді бақшадан алатын адам туралы мәліметтер де алдын-ала енгізілген.  Есептеуіш құрылғы қалалық бюджеттен бөлінген 3 млн теңгеге орнатылды.   «Смарт Павлодар» қосымшасының мүмкіндіктері арқылы ата-аналар ұялы телефондарына Push –хабарландыру алады.

Нұрсұлу СМАГУЛОВА, ата-ана

Осы жүйе құрылғалы яғни, біз үшін өте жақсы, баланың бала-бақшаға келіп-келмегенін ұялы телефон арқылы біле аламыз. Бұрын біз баланы тәрбиешінің қолына тапсыратын едік.

 

Егер бүлдіршін бақшада үш күннен көп уақыт болмаған жағдайда, осы жүйе автоматты түрде дәрігерлік анықтама сұрайды. Сонымен қатар бақшада қанша бос орын барын, ай сайынғы төлемақыны да бақылап отыру мүмкіндігі бар. Мобильді қосымшаны PlayMarket, AppStore бағдарламаларынан тегін жүктеуге болады. Мамандардың сөзінше, қаладағы барлық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде алдағы уақытта дәл осындай құрылғыларды орнату жоспарда бар.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10:35, 7 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ САРАПТАМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...