ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ ЭЛЕКТРОД ЗАУЫТЫ ЖАҢА НАРЫҚТАРДЫ БАҒЫНДЫРУДА

12:02, 8 қараша 2018

Павлодар электрод зауыты жақын аралықта жаңа өндірісті іске қоспақ. Кәсіпорын осының арқасында өнім көлемін арттырып, экспортқа шығуды жоспарлап отыр. «Павлодарда жасалған» деген белгі басылған электрондар бүгіннің өзінде нарықта жоғары сұранысқа ие.

Кәдімгі электрод шығаратын бұл зауыттың өнімі қашанда болсын үлкен сұранысқа ие. Металлургия, тау-кен, құрылыс салаларында кеңінен қолданылатын электродтың мұнда бірнеше түрі жасалады. Өз жұмысын 2016 жылы бастаған зауыт бүгінде ірі кәсіпорындармен ұзақ мерзімге келісім шартқа  отыру бойынша келіссөздер жүргізуде.       

АЙДАР МАШРАПОВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ

Біздің облыста мұндай өніді шығаратын біз ғана. Жалпы, елімізде электрод өндірушілер аз. Бірақ, алыс-жақын мемлекеттерден келетен өнімдер нарықта бәсекелестікті жоғарылатып отыр. Дегенмен, біздің тауарға да сатып алушылар тарапынан сұраныс жақсы. Өйткені, өнім барлық стандарттарға сәйкес келеді. Әзірге Қазақстан аумағында сатып келеміз. Болашақта экспортқа шығу жоспарда бар.

Электродың 70 пайызы сымнан тұрады. Зауыт бүгінде оны дайын күйінде сатып алуда. Алайда, кәсіпорын бұл технологияны өзі меңгеруді көздеп отыр. Бұл мақсатта қажетті қондырғылар сатып алынған.

АЙДАР МАШРАПОВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ

Біз алдағы уақытта сымдарды созу өндірісін қолға алмақпыз. Бұл электрод өндірісінің маңызды бөлігі болып саналады. Әзірге біз оны дайын күйінде алудамыз. Ал жақын аралықта оны өзіміз өндіреміз. Бұл мақсатта қондырғыларды сатып алып қойдық. Олар Ресейде жасалынған. Осылайша біз өнім көлемін арттырамыз.  

Электрод өндіретін өңіріміздегі жалғыз кәсіпорын үлкен нарықтарды бағындырығысы келеді. Зауыт өнімінің сапасын жергілікті кәсіпорындар мойындап, оған ауқымды тапсырыстар беруде.  

 

Қуандық ТАНАБАС

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар