ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІН АТАП ӨТТІ Толығырақ

ВИЦЕ-МИНИСТР АРМАН ЕВНИЕВ РУБИКОММЕН ТАНЫСТЫ

17:36, 16 сәуір 2018

Өңірімізге ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев келді. Сапар аясында ол «Рубиком» жауапгершілігі шектеулі серіктестігімен Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка ауылындағы «Тимур» шаруа қожалығында болып, шаруашылқтардың жұмысымен танысты. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев алдымен «Рубиком»  жауапгершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Кәсіпорын  жартылай дайындалған шұжық өнімдерін өндіреді.  Тәуліктік қуаттылығы 15 мың тонна ет өнімдерін өңдеуге қауқарлы.  Өткен жылы  нарыққа 70,5 мың тонна дайын ет өнімін шығарған. 

АЛЕКСАНДРА ВУТОРИНА, «Рубиком» ЖШС директорының өндіріс бойынша орынбасары

Қазіргі уақытта  біз мал  шаруашылығын дамытуды көздеп отырмыз. Себебі, өзімізді 100 пайыз дайын сиыр етімен қамту үшін мал басын көбейту жоспарда бар. Бұған дейін  көбіне көп ет өнімдерін  сырттан сатып алып келдік.     

Кәсіпорын  жартылай дайындалған фабрикаттарды отандық  нарыққа шығарады. Ал одан қалғанын  Ресейге экспорттауда.  Әсіресе, көрші ел тарапыннан шұжық өнімдеріне сұраныс жоғары.  Ал ол тапсырыстардың барлығын орындауда  сиыр етінен тапшылық көруде. Алдағы уақытта бұл мәселені шешу үшін мал бордақылау кешенін салу жоспарланған. Бұл ретте, вице-министр өнімнің сапасына мән беруді тапсырды.

Бұдан кейін Арман Евниев Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка ауылындағы «Тимур» шаруа қожалығының  жұмысымен танысты.  Шаруашылық негізінен картоп пен сәбіз өсіруді қолға алған. Жылына 25 мың тонна көкеніс өнімін алады. Оның 15 мың тоннасы қоймада  сақталады. Вице-министр қожалық басшысына шаруашылығын кеңейтіп, өнімдерді қайта өңдеу ісін қолға алуға туралы кеңес берді. 

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, Рубиком, шұжық өнімі, 

 

Тақырып бойынша материалдар

БОБРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА САЛЫНЫП ЖАТЫР
20:51, 13 шілде 2018
БОБРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ЕКІБАСТҰЗДА «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН КОНДИТЕРЛІК-ДӘМХАНА
22:00, 10 шілде 2018
ЕКІБАСТҰЗДА «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕР...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
21:43, 10 шілде 2018
ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

22:19, 10 шілде 2018
ЕРТІС ФК ДИМИТАР ДИМИТРОВ ҚАЙТА ОРАЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
20:30, 10 шілде 2018
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
14:23, 9 шілде 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
Толығырақ...