ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ КЕЛІСІМ

21:48, 29 мамыр 2019

«Қазақстанның индустрия және экспорт» акционерлық қоғамы облыстық әкімшілікпен бірігіп жиын өткізді. Мұнда кәсіпкерлерге қолдау жөніңде мәселелер қозғалды. Облысымыздағы 50-ден астам кәсіпорын басшылары жиналды.

Арнайы жиынға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі келді. Сондай-ақ өңірдегі 50-ден астам кәсіпорын өкілдері бас қосты. Кеңес барысында мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша Руслан Ибраимов қосалқы келісім жөніңде сөз қозғады.

Руслан Ибрайымов, «Қазақстан индустрия және экспорт» акционерлық қоғамы басшысы:

Қазіргі таңда өңдірушілердің экспортқа жіберіп жатқан тауарларына аса көңіл  бөлеміз. Себебі мамыр айында қабылданған ереже бойынша кәсіпорыннан шыққан шығындарды қайтару үшін өтініштер қабылдануда. Біз транспорт шығындары мен шет елде жасалған жарнама шығындарын қайтаруға тырысамыз.

Сонымен қатар облыстық кәсіпорын жұмыстарының көрсеткіштері таныстырылды. Отандық тауар өндірушілері үшін экспорт мәселелері қарастырылып, жүйелі түрде талқыланды. Шара қорытындысы бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойылып,  алдағы жұмыстар жоспарланды. Атап өту керек, жергілікті кәсіпті дамыту мақсатында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС облыстық өндірушілермен келісімшартқа қол қойды.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...