ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

ҰН МЕН БИДАЙ НАРЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ

18:57, 9 қазан 2019

Павлодар облысы елімізде егін жинау бойынша 5-ші, ал ұнды экспорттау бойынша 2 орында. Биыл 537 мың гектар жерден өнім алынды. Алайда, ұнды қайта өңдеуде бірқатар проблемалар бар. Аймағымызда өнімді өңдейтін диірмендердің тапшылығы байқалады. Осы орайда, еліміздегі ұн мен бидай нарығының өзекті мәселелерін Ертістің диірменшілері талқыға салды.

Ағымдағы жылдың соңғы 8 айдың ішінде Қазақстан Орта Азия елдері, дәлірек айтсақ, Ауғанстан, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан елдеріне  15 мың тоннаға жуық ұн өнімдерін экспорттаған. Шет елге тауар шығарылғанымен оны қайта өңдеуде проблемалар бар. Бұл мәселені шешу үшін, алдымен диірменшілер үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Мамандардың айтуынша, ұнды емес, бидай экспортына көбірек басымдық берілуі тиіс. Қазақстан астық өңдеушілер одағының төрағасы Евгений Ганның айтуынша, соңғы екі жылда Қазақстан экспортқа 10 миллион тонна өнім шығарған. Биыл жылы мұндай көлем жоқ. Соның салдарынан, қазақстандық ішкі нарық тұтунушыларынан айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Алдағы уақытта бидай тапшылығы орын алса, көршілес елдеріне  көмекке жүгінген жөн.

Евгений Ган, Қазақстан астық өңдеушілері мен пісірушілері одағының президенті:

Қазірдің өзінде бағаның былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе және одан да жоғары өскенін байқауға болады. Бидайдың 1 килограмы 100 теңгеге дейін баруы мүмкін деген болжам бар. Мұндай   құбылыс болатын болса, онда ұнның бағасы қымбаттайды, Содан кейін, әрине нан да қымбаттайды. Бидайдың бағасын бір қалыпта ұстап тұру үшін жергілікті әкімдіктер жұмыла жұмыс істеуде.

Жаз құрғақшылығының салдарынан, биылғы жылы бидайдың сапасы да өзгерді. Сапасы төмендеген бидай - нан өнімдерінің өндірісіне жарамай қалады. Нарықта бидай тапшылығы сезілсе, нәтижесінде ұн өнімдерінің бағасы да қымбаттайды.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...