ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ТАБИҒИ ТАЗА ӨНІМ

18:44, 12 шілде 2019

Әлемде органикалық өнімге деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Органикалық өсімдік шаруашылығына қатысты семинар-тренингті облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Шаруалар, агрономдар, шетелдік сарапшылар Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылына жиналды.

Мамандардың айтуынша, кез келген дақылды органикалық жолмен өсіруге болады. Табиғи өнім алам дейтін шаруаларға химиялық тыңайтқыштарға шығындалудың қажеті жоқ. Алайда бастапқы кезде өнімділік әлдеқайда аз болады. Органикамен айналасудың артықшылығы өнімнің көлемінде емес, сапасы мен бағасында. Семинарға арнайы Украинадан келген сарапшы, ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіру кезінде қандай әдіс-тәсіл-биопрепараттарды пайдаланатынын фермерлерге айтып берді.

Сергей Вдовенко, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (Украина):

Менің Қазақстанға келуімнің мақсаты біз міне, екі жыл бойы қазақстандық албикомпани комапниясымен тығыз жұмыс жасаудамыз. Нәтиже де жаман емес. Бұл жолғы сапарымда Украинадағы ауыл шаруашылығы көкөніс өсіру тәжірибесімен бөлістім.

Табиғи таза өнімді өндіру бойынша өткізілген семинарда шаруаларға қажетті дүниелер көптеп айтылды. Бұл пайдалы тренингті өткізуге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйытқы болды.

Жомарт Сембаев, облыстық «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасы бөлім басшысының орынбасары:

Қазіргі кезде елімізде жаңадан экологический чистый продукт органикалық земледелие. Сол бойынша павлодар облысында әдейілеп тұрып, украинадан эксперт профессор келді. Ойымыз  таза органиканы облыста жеткізу, дамыту. Енді қазір қарасаңыздар, әрбір нәрсе, тез қоғамға тез кіріп жатыр, екртең мүмкін мектептерде, бала-бақшаларда жаңа органикалық тамақ, беру керек, сондай сұрақ туындауы мүмкін, сол үшін біздің кәсіпкерлер дайын болып, жағдайы болу керек. Сол үшін осындай семинарлар өткізіліп жатыр.

 

Өткізілген семниарға жиналғандар көп болды. Жергілікті кәсіпкер Қайыргелді Ақылбек-немересі 2006 жылдан бастап өз үйінің маңына қарағайларды отырғызудан бастаған. Жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша несие алып, жылыжайларды салды. Ағашпен қатар, қияр, қызанақ өсіреді. Биыл Алматы облысынан алманың, жүзімнің, өріктің көшеттерін алып келіп, жерсіндіріп жатыр.

Қайыргелді Ақылбек-немересі, кәсіпкер:

Мынау өткізіліп отырған семинарлар керек. Бұл керек, халыққа түсіндіру керек. Ал ең бастысы мынае халыққа қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіру керек, оны қалай пайдалану керек, Мына атамекен негізі жақсы ұйымдастырған. Өйткені қағаз жұмыстарн көбі білмейді. Кейбіреуі ерінеді, өйткені өз жұмыстарымен жүреді де, ана қағаз жұмыстарында қате жібереді, не болмаса дұрыс жасамайды.

Семинарға облыстың 30-ға жуық шаруалар мен агрономдары қатысты. Енді, алған білімдерін өз шаруашылықтарында қолданатын болады.

Марина САХАРОВА.

Тақырып бойынша материалдар

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
10:26, 9 желтоқсан 2019
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:37, 4 желтоқсан 2019
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...