ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ШЫНЫ ЖАБЫНДЫСЫН ӨНДІРУ

19:33, 26 маусым 2019

Бұдан былай павлодарлықтар шыны жабындыларды өзге өңірлерден үстеме бағалармен жеткізіп, шығынға батпайды. Енді мемлекеттік бағдарлама аясында, аймағымызда шыны өндірісі 2 есеге артуда. Өйткені, шағын бизнесті қолдаудағы субсидиялық бағдарлама кәсіпкерлер үшін аса тиімді болып отыр.

Шыны өндірісі 2012 жылдан бастап Павлодарда бірнеше рет артқан. Әсіресе "Өндіріс" және "бизнестің Жол картасы-2020" бағдарламалары аясында  оң нәтижеге ие болды. Мемлекет кәсіпкерлерге өзінің өндірісін кеңейтіп, дамыта түсуге кең мүмкіндік береді.

Владимир Высоцкий, компанияның бас директоры:

Бұл біздің, яғни, мемлекеттік көмектің арқасында атап айтқанда,  "Өндіріс" арнайы бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып, тиімді болып отыр. Бізде қараша айында Павлодарда тағы бір жаңа зауытты кеңейтуге мүмкіндік берілді.  Соның арқасында 50-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.

Грант ұтып алуымызға орай, компания 5 млн. евро көлеміндегі қаражатқа базаны қайта жабдықтап, әрі кеңейту үшін  заманауй құрылғылар сатып алды, дейді кәсіпкер. Биылғы жылы компания өндіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Мұнда басты назар – тауар бағасының қолжетімділігі мен жоғары сапасына аударылады.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ, Еркежан БАКАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:37, 4 желтоқсан 2019
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...