ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР

19:43, 25 желтоқсан 2019

Алдағы жылы Шарбақты ауданында «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша әр қайсысы екі пәтерлі он үй салынады. Оның екекуі Александровка ауылында бой көтерсе, қалған сегізінің ірге тасы аудан орталығында қаланады. Бұл туралы аудан әкімі өңірлік комуникациялар қызметіндегі есептік брифингте мәлімдеді.

Биыл Шарбақты ауданында 4 млрд 337,5 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында жалпы аумағы 2047 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл ауданға оңтүстік өңірлерден 35 отбасы көшіп келген. Келер жылы да 40-қа жуық түтін қоныс аударады деп жоспарланған. 2020 жылы Шарбақтыда он үй салынады. Оның екеуі Александровка ауылында бой көтереді.

Әзілхан Әбеуов, Шарбақты Ауданының әкімі:

Егін егетін ауылдарда жұмыс бар. Үйлерде жаңағы хрестияндардың атынан беріледі. Өздері шақырып алады. Ал, «Нұрлы Ертіспен» саланытынымз 10 үй 20 пәтерлі. Шарбақты мен Александровка ауылында саламыз. Облыстық бюджеттен 168 млн.

Шарбақты ауданына қарасты Есілбай ауылы әлеуметтік ғимараттарға зәру. Әсіресе ауыл тұрғындары мәдениет үйіне мұқтаж екендіктерін көп жылдан бері айтып келген. Енді, алдағы жылы бұл мәселе шешімін табады, дейді аудан әкімі.

Әзілхан Әбеуов, Шарбақты ауданының әкімі:

Есілбай ауылында көп жылдар бойы мәдениет үйі болған жоқ, өздеріңіз білесіздер. Қазіргі күні қаражат бөлінді, конкурстық жұмыс жүргізіп жатырмыз. 154 млн теңгеге оның ішінде бізде Қазпоштаның отыратын орны жоқ, медсестраның отыратын орнына сол жаңағы мәдениет үйіне отырғызып жоспарлап отырмыз.

Ауданда орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны мыңға жуық. Биыл еңбекпен қамту бойынша 748 адамға көмек көрсетілген.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АӘК БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
12:24, 26 наурыз 2020
АӘК БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ  КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
23:27, 23 наурыз 2020
ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНЫ БЕЛГІЛІ БО...
Толығырақ...