ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

«SANTEHPLAST» - ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ӨНІМ

19:00, 18 шілде 2019

«SANTEHPLAST» кәсіпорыны тұтынушыларға сапасы жоғары шикізат пен материалдарды ұсынып қана қоймай, ұзақ мерзімді кепілдікпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, аймақтағы жетекші құрылыс компаниялармен жұмыс жасайды. Аталмыш кәсіпорынның тыныс-тіршілігі туралы келесі бейнематериалда.

Кәсіпорын аймақта 13 жылдан астам жұмыс жасайды. Өз саласында жылдар бойы алдыңғы қатарлы көшбасшы. Кәсіпорын басшысы Бауыржан Бекмұрзаев, өндірісте тауарды тек сатып қана қоймай, әр тұтұнушыға қалаған жабдықты дұрыс ұсынып, олардың ойларымен бөлісу ең басты қағидалардың бірі екендігін атап өтті.

Бауыржан Бекмұрзаев, «SANTEHPLAST» ЖШС директоры:

2006 жылы Павлодар қаласында ашқан болатынбыз. Содан бері қарай байқап отырғаныныздай, 13 жылдан астам уақыт өтіпті. Осы 13 жыл ішінде көптеген тұтынушыларымыздың сеніміне кіре білдік. Облысымызда 90% тұтынушымыз біздің өніммен пайдаланады. Біз бір жерде тоқтап қалмай өнім сапасын арттыруға және қызмет жасау сапасын да арттыруға қатты көңіл бөлеміз.

Павлодар облысында кәсіпорынның үш филиалы жұмыс жасайды. Кәсіпорын сумен жабдықтау, жылу жүйелері және құбырлар үшін қажетті компонеттерді жеткізуге маманданған. «SANTEHPLAST» кәсіпорыны қаладағы Сарыарқа, Достық жаңа шағын аудандарда тұрғын үйлерді салатын өңірдің жетекші құрылысшыларымен ынтымақтастық келісім жасады.

ҒАЛИЖАН АЙНАБЕКОВ, «SANTEHPLAST» ЖШС директоры орынбасары:

Кісілерге тек сатып қана қоймай тұтынушыларға, олардың мәселелерін шешіп беріп, бағыт-бағдар береміз. Өйткені елдің бәрі сантехниканы түсіне бермейді. Бұл жерде үлкен инженерлік сантехника болғандықтан, біз жеке тұтынушылармен ғана емес, облысымызда соғып жатқан барлық беделді мердігерлік компаниялардың бәрімен қызмет жасаймыз.

Кәсіпорындағы жұмыс күшінің басым бөлігі жастар. Нұрсұлтан Қабдрашит бірнеше жылдар аталмыш фирмада қызмет атқарады. Нұрсұлтанның басты міндеті – әр келетін тұтынушының мәселесін қарастырып, қажетті тауарды ұсыну. Жүктелген міндет оңай емес. Қызметкерлерге тыңбай жасаған еңбектері үшін ынталандыру сыйлықтары бар. Мұнда қызметкерлер үшін барлық жағдайлар жасалған.

Нұрсұлтан Қабдрашит, әкімші:

Компаниямыздың негізгі бағыты – инженерлік бағыты болғанымен, пластиктен басқа біз сместитель, су жылытқыштарды да сатамыз. Сапасы өте керемет. Бағасы да қолжетімді. Өзіміздің Қазақстанның су жылытқыштары, пластиктер өзіміздің Қазақстанда жасалынады. Түркиялық өндіріс бойынша. Жұмысымыз өте қызу.Әрбір тұтынушыға ерекше көңіл бөлеміз. Тауарын жеткізіп береміз.

«SANTEHPLAST» кәсіпорыны әр тұтынушының сұранысына аса көңіл бөледі. Тапсырысты жылдам әрі уақытылы жеткізеді. Жыл сайын өнімге деген сұраныс артуда. Жақын арада кәсіпорын кеңейіп, бүкіл Қазақстан тұрғындарын қуантпақ ниетте.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...