ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ

19:51, 19 желтоқсан 2019

Павлодарда трактор құрастырылатын болады. Оны Қазақстандық компания қытайлық серіктесімен бірлесіп атқарады. Тараптар «Инвесторлар үйінде» үйінде бас қосып, бірлесіп ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі келісімге қол қойды. Меморандумға қол қою рәсіміне облысы әкімінің орынбасары Арыстан Қабыкенов қатысты.

Тракторларды жинау Павлодардың бұрынғы автобазасының алаңында жүзеге асырылмақ. Жақын уақытта кәсіпорынға Қытайдан құрастыру желісі жеткізіледі. Қуаттылығы 300 аттың күшіне тең келетін техниканың алғашқы легін 2020 жылдың күзгі жиын-терім жұмыстарына дейін көпшілікке таныстыру жоспарланған.

Рустам Ибрагимов, «Ksw Agrotech» ЖШС бас директоры:

Жобаны үш кезеңге бөліп, жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі базаның қолданыстағы инфрақұрылымын пайдалана отырып, жылына 3000 трактор құрастыру қолға алынады. Жаңадан 50 жұмыс орны ашылады. Егер бәрі жоспар бойынша жүретін болса, 2021 жылы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағынан әлдеқайда үлкен кәсіпорын салуды бастаймыз.

Арнайы экономикалық аймақта үлкен кәсіпорын салынған кезде тиісінше, 150 жұмыс орны ашылатын болады. Бұл зауыттың қуаттылығы жылына 30 мың техника құрастыруға дейін жетеді. Болашақта аталған өндірісті Павлодар облысында біржола дамытып, металл бұйымдары мен ауыл шаруашылығы техникаларына арналған бөлшектерді шығару жоспарланған.

Ли Синфэн, «Wan е» компаниясының бас директоры:

Шаньдун – Қытайдағы ауылшаруашылық техникасы жағынан ең дамыған провинция. Бүгін біз Орталық Азия нарығын жаулап алуды көздейміз. Қазақстандық инвестициялардың 40 пайызын және қытайлық инвестициялардың 60 пайызын құрайтын павлодарлық жоба сәтті болатынына сенімдімін.

Инвесторлар, болашақ тракторларының Қазақстанда ғана емес, жақын шет мемлекеттерде де сұранысқа ие болатынына сенімді. Олардың басты артықшылығы – бағасында. Павлодарлық трактордың құны шамамен 130-150 мың долларды құрайтын болады. Ал дәл осындай америкалық, еуропалық техникалар 500-700 мың доллар тұрады. Оның үстіне кәсіпорын өз тракторларын лизингке беруге және ауыл шаруашылығы өнімдеріне айырбастауға әзір.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...