ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ҚЫЗЫЛШАСЫНАН ҚАНТ АЛЫНДЫ

12:31, 25 қараша 2019

Биыл тәжірибе ретінде өңірімізде алғаш рет өсірілген қант қызылшасынан өндірілген 11 тонна құмшекер Павлодарға жеткізілді. Алматы облысындағы Көксу қант зауытында өндірілген.

Мамандар, біздің облыста өсіп өнген қызылшадағы қант мөлшері мен сапасының жоғары екенін айтады. Егер Алматы облысында тамырлы дақылдың қант мөлшері 15 пайызды құраса, павлодарлық қант қызылшасының мөлшері 18 пайызға жеткен. Жергілікті фермерлер тыңайтқыштар мен арнайы техниканы қолданбағанына қарамастан, осындай өнім алып отыр. 

Мансұр Қайырбаев, «Павлодар ӘКК» АҚ төраға орынбасары:

Осы жылы жақсы өнімге қол жеткіздік. Өнімнің бір бөлігін Көксу қант зауытына жібергенбіз. Олар бізге қант түрінде қайтарып берді. Біз бұл қантты тұрақтандыру қорына жеткіземіз және де халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына да береміз.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар