ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР АУДАНЫНДА ЖАҢА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ

10:57, 8 қазан 2019

«Ұлт жоспары - бес институционалды реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамында» 60-шы қадам сүт және сүт өнімдерін өндіруді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тартуды көздейді. Қазан айының соңында Павлодар облысында жаңа сүт фермасы жұмысын бастайды. Құрылыс толықтай аяқталды. Қазіргі таңда, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

32 бас сиырға арналған «Ёлочка» сүт сауу залы толығымен дайын. Жақын арада ол іске қосылмақ. Бұл жерде тәулігіне 5 мың тонна сүт алу жоспарланып отыр. Ауыспалы кезеңмен екі сауыншы жұмыс істейтін болады. Олардың еңбек ақысы 160 мың теңгені құрайды. Ал сиыр сауатын қораның қасында 300 бас қара малға шақталған, жаңа үлкен бөлме де дайын.

Петр Кузьменко, «Луганск» өндіріс кооперативінің басшысы:

Біз қысымды, су құбырларын тексердік. Сүтті сиырларды жалға алуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда біз сиыр басын көбейтіп жатырмыз. Шамамен, 3 айдың ішінде біз сүт кешенін салып біттік. Менің ойымша, 1-ші қарашаға дейін бірінші кезеңді бастап кетеміз деген ойдамын.

Сонымен қатар, бұл жерде екінші кешен де салынбақ. Оның құрылысын биылғы жылы бастауды жоспарлап отыр.

Хамза Оразбеков, аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Жалпы, бірінші кезеңде, 300 бас сиыр саууға арналған бөлмені аяқтаймыз. Келесі жылы, екінші кезең, тағы 300 бас сиыр саууға арналған бөлме жасау жоспарда бар. «Луганск» өндіріс кооперативі малды субсидиялау бағдарламаларына және асыл тұқымды өнімді субсидиялауға қатысады.

Сүт фермасының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталған. Монтаждау жұмыстарына кооператив қаражатынан шамамен 230 млн теңге, сондай-ақ қондырғы жұмыстарына 100 млн теңге жұмсалған. Жаңа сүт фермасында, 12 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар