ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

15:48, 26 маусым 2019

2019 жылғы қаңтар-мамырдағы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жасалды. Орталық коммуникациялар қызметінде 1-ші тоқсандағы өңірдің халық саны, қанша нәресте дүниеге келгендігі, көші-қон мәселесі жайында сөз болды.

2019 жылғы қаңтар-мамырдағы  Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына сәйкес, мамырда   өнеркәсіп орындары 773 млрд теңгенің өнімін өндірді. Осылайша, өнеркәсіптік өндіріс индексі 97,2 пайызды құрады. Азаматтардың хал актілері органының мәліметінше, биылғы қаңтар-сәуір айларында 3660 сәби дүниеге келген. Сондай-ақ, жыл басынан бері ажырасу деңгейі азайғаны қуантады. 

Жеңіс Шақатов, облыстық статистика департаментінің директоры:

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында АХАТ органдары 1352  неке қию туралы және 972 некені бұзу туралы акт жазбаларын ұсынды. Неке қию 2,2% - ға, ажырасу 8,5% - ға азайды. Яғни бұл дегеніміз 1000 некеге 719 ажырасудан келеді.

Статистика департаментінің өкілдері тұрмыс құрған ең жас қалыңдықты анықтаған. Қыздың жасы 16да, ал бір күйеу жігіт өз қарым-қатынасын 17 жасында тіркеген екен. Жасы үлкен қалыңдық 74 жаста, ең үлкен күйеу жігіт 73 жаста ресми тіркелген. Статистика департаментінің ұсынған деректеріне сәйкес жыл басынан бері облыстан 4 мыңдай адам көшіп кетті. Оның ішінде республикадан тыс жерлерге – 1419 адам, оның ішінде 1294 адам ТМД елдеріне қоныс аударды, 125 адам әлемнің басқа елдеріне кетті.

Жеңіс Шақатов, облыстық статистика департаментінің директоры:

Қазақстанның басқа өңірлеріне 2568  адам кетті, оның ішінде 50% – Нұрсұлтан қаласына, 10% – Алматы қаласына көшкен. Біздің облысқа қоныс аударғандардың саны 2593  адамды құрады, оның ішінде сыртқы көші-қон бойынша 100 адам келді. Қазақстанға  ТМД елдерінен – 79 адам оның 90 пайызға жуығы Ресейден, ал әлемнің басқа елдерінен 21 адам қоныс аударған.

Осы жылғы қаңтар-наурыздағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 145 845 теңгені құрап былтырғы жылмен салыстырғанда 8,9 процентке өскен.

Марина САХАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...