ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

14:46, 24 мамыр 2019

Екібастұз қаласына қарасты ГРЭС-1 аумағында раушан гүлдер және қызанақ өсіретін жылыжай кешені жұмыс жасап тұрғалы бірнеше жылдың жүзі болды. Өткен жылы 2,5 мың тонна қызанақ алынған. Алдағы уақытта жылыжай аумағын кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Қызынақ жылыжайының аумағы 5 гектарды құрайды. Жылына жоба бойынша 3600 тонна томат өнімі алынады. Екібастұз қызанақтарының шамамен 90 пайызы экспортқа жөнелтіледі. Мұнда голланддық технология қолданылады.     

Дәулет Дүйсеков, жылыжай басшысының орынбасары:

Сонымен қатар біз көптеген шараларға қатысамыз. Бізге мұндай шараларда жаңа құрал-жабдықтар арқылы түрлі тәсілдермен қызанақтарды қорапқа орналастыру қызықты. Жалпы жылыжай кешені аумағы 5 гектарды құрайды. 95 адам жұмыспен қамтылды. Бізге адамдардың толықтай болуы міндетті түрде, себебі жұмыс қиынырақ. Мысалы, арнайы машиналар раушандарды кесіп, жылыжайды жинастыруға мүмкіндігі жоқ.     

Жылыжай кешенің кеңейту жоспарда бар. Қазірдің өзінде құрылыс жұмыстары басталып кеткен.        

Дәулет Дүйсеков, жылыжай басшысының орынбасары:

Болашақ жылыжай кешенінің аумағы 50 гектарды құрайтын болады. Биылғы жылы пайдалануға 20 гектарды жоспарлап отырмыз. Жаңа жұмыс орнына адамдар қажет. Біз оларды үйретіп, барлығын көрсетеміз. Салынатын жаңа блоктарда қызанақтар да өсіріледі. Қазіргі таңда Голландиядан келген маман адамдарға оқыту әдісін жүргізеді.

Сонымен қатар, жылыжайда раушан гүлдер өсіріледі. Гүлдер кешені 2016 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Оның да аумағы 5 гектар.   

Сәуле Масақова, жылыжай маманы:

Біз 2016 жылдан Ред Наоми деп аталатын раушан гүлді өсіреміз. Үш жыл уақыт ішінде өсіру қиындықтары бар. Оларды кесу өте қиын. Раушан гүлдер минералды мақтада өсіріледі.    

Аваландж және Пич Аваландж деп аталатын ақ раушандар да бар. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, жасанды жарықтандыру, тамшылатып суару. Ең бастысы – адамдардың күші. Гүлдерді тамаша қыз-келіншектер қарайды. Мұны да кеңейту көзделген. Қазіргі жылыжайға жұмысшы дайындау үшін Павлодардағы білім мекемелерімен келіссөздер жүргізуде.

Аяулым РАХИМЖАНОВА, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:37, 4 желтоқсан 2019
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...