ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

18:54, 16 шілде 2019

Павлодарда өңір экономикасын ілгерілету мақсатында жылдың бірінші жартысында 38 млрд. теңге инвестиция салынды. Мәслихат сессиясында сөз алған шаһардың жаңа басшысы облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында қандай жұмыстар атқарылды және болашақта қандай шаруалар тындырылмақ, келесі бейнематериалда.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Павлодардың  барлық өнеркәсіптік өндірістерді қоспағанда, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде  оң нәтижеге қол жеткізді.  Қайрат Нүкенов шағын және орта бизнестің экономикадағы маңызды орынға ие екендігін атап өтті, оның белсенді қатысушылары жылдың бірінші жартысында ұлғайған.

 

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Жыл басынан бері қалада 2 млрд. теңгеге өз бизнесін ашу және кеңейту бойынша 79 жобаға  мемлекеттік қолдау көрсетілді. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау - 41 жоба. Жеке кепілдік - 28 жоба, гранттық қаржыландыру - 9 жоба, инженерлік инфрақұрылым - 1 жоба. Жылдың басынан бері 10 жаңа бизнес нысаны ашылды. Жыл аяғына дейін 43 объект ашу жоспарланып отыр.

 

Бүгінгі күні Достық ықшам ауданында ішкі блоктық және жылумен қамту желілері салынды. Ал Сарыарқа шағын ауданында тұрғын үйлерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін сорғы станциясы құрылысы қолға алынды.

 

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

 

Қаланың ауылдық аймағы Ленин кентінде  су құбыры салынуда.  Теміржол кентінде ұзындығы 12,1 км су құбыры желісінің құрылысы басталды. 1,5 мың мм диаметрі бар негізгі коллектордың құрылысы Киров көшесінен қаланы  тазарту құрылыстарына дейінгі аралықта  жалғасады.

 

Әкім өз есебінде қала жолдарының жөнделу жұмыстарына да тоқталып өтті.

 

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

 

Теплова көшесін кеңейту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Орталық мешіттің аумағындағы тротуарлар мен Сұрағанов  көшесіндегі жолды жөндеу, Бейбітшілік, Қамзин, Сұрағанов үш көшеге асфальтбетонды жабынды төселді.  Екі жақты қозғалысты ұйымдастыру үшін Айманов көшесі және Толстой көшесінен М.Горькийге дейінгі аралықта  1 мамыр көшесін   де кеңейту жұмыстары басталды.

 

Қайрат Нүкенов сондай-ақ, оқу жылының басталуына дейін көп уақыт қалмағандығын ескеріп, бүгінгі күні бірнеше білім беру нысандарының жөндеу жұмыстарын да тез арада аяқтау керектігіне тоқталды.

Тағы бір атқарылуға тиісті жұмыстардың бірі – бейнебақылау камераларын орнату ісін жалғастыра түсу керектігіне де қала басшысы ерекше тоқталып өтті. Себебі, бейнебақылаудың көмегімен бірінші жартыжылдықта 76 қылмыстық іс айғақталып, 11,5 заң бұзушылық тіркелген. Жол-көлік қозғалысы апаттары да біршама азайған. Қайрат Нүкеновтің есептік баяндамасын тыңдаған қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қабылдады.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ.

Тақырып бойынша материалдар

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
10:26, 9 желтоқсан 2019
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:37, 4 желтоқсан 2019
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...