ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

10:26, 9 желтоқсан 2019

«Мұнай - газ саласындағы әлеуметтік серіктестік». Осындай атаумен Инвесторлар үйінде семинар өтті. Кездесуге қатысушылар, оның ішінде Нұр-Сұлтаннан келген қонақтар мәртебелі меймандар еңбек жанжалдарының алдын-алу, әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында қол қойылған жаңа салалық келісімді сөз етті.

Энергетика министрлігінің, сондай-ақ мұнай-газ кешенінің қазақстандық салалық кәсіподағының өкілдері Елордадан Павлодарға келді. Басты мақсат, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы мәселелерге қатысты пікір айту. Көтерілген тақырыптар ішінде 2020-2022 жылдарға арналған жаңа салалық келісім бар.

Сәтжан Кәрімов, ҚР энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті басшысының орынбасары:

Бұл разрядты коэффициентті арттыру, жалақыны аз мөлшерде көтеру, еңбек жағдайларын және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелерді қарастыру, жұмыс беруші үшін де, қызметкерлер үшін де маңызды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек өз кезегінде өңірдегі жұмысшылардың құқыртарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Ұлан Жазылбек, облыс әкімінің бірінші орынбасары:  

Еңбек дауларын болдырмау, шиеленіске жол бермеу, проблемалық мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта облыс бойынша жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың басынан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындарды толық тоқтату фактілері жоқ, әлеуметтік еңбек қақтығыстары тіркелген жоқ.

Дөңгелек үстелге жиналғандар кәсіпорындардағы кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыру туралы да сөз қозғады.

Сұлтан Қалиев, мұнай-газ кешені қазақстандық салалық кәсіподағының төрағасы:

Еңбек заңнамасын бұзу, еңбек қауіпсіздігін елеулі бұзу негізінен кәсіподақтар жоқ кәсіпорындарда орын алады. Бүгінде кәсіподақ бірлестіктері, бұл қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғайтын жалғыз қоғам.

Нұр-Сұлтаннан келген жұмыс тобы еліміздің бірнеше қалалары мен өңірлерін аралап, осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жиынның модераторлары олардың жұмысының негізгі аспектілерінің бірі – кәсіпорындармен және қарапайым қызметкерлермен тығыз ынтымақтастық жасау екендігін алға тартты.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар