ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МАRАLDY МИНЕРАЛДЫ СУЫ САТЫЛЫМДА

16:03, 26 маусым 2019

Мамыр айының басында Шарбақты ауданының Жылыбұлақ ауылында минералды су шығаратын цех ашылғаны жайлы айтқанбыз. «MARALDY» брендтік атаумен шығатын су қазір облыс орталығындағы дүкендерде сатыла бастады. Шағын кәсіпорынның ашылуымен жеті адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Әйгілі Маралды мекенінде 64 киелі бұлақ бар. Жылыбұлақ ауылындағы жер астынан өздігінен шығып жатқан табиғи таза су арнайы зертханадан толық тексеріліп, денсаулыққа аса пайдалы, минералды су екендігі анықталған. Бүгінгі таңда халықтың біраз бөлігі табиғи тұщы жер асты су қорын пайдаланады. Осыны ескерген жергілікті кәсіпкерлер ауыл ішінен табиғи таза минералды суды өндіру кәсібін қолға алды. Айта кету керек, аталмыш кәсіпорынның бұл бағытын аудан әкімдігі де қолдап отыр.

MARALDY суының ерекшелігі 436 метр тереңдіктен шығады. Айтпақшы, өндіріс орны шағын бизнесті дамытуға  мемлекет тарапынан ешқандай несиеге жүгінбеген. Құны 20 миллион теңгені құрайтын  су өндіру құрылғыларын ауылдан 12 кәсіпкер азаматтар бірігіп, өз қаражаттарына орнатқан. Әзірге күніне үш мың литр таза су өндіреді. Болашақта өнім қуатын артырып, екі ауысыммен жұмыс жасау жоспарда бар.

Бүгінгі таңда әзірге 7 адамға жоқ жерден жұмыс көзі табылды. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, бұл да болса жергілікті тұрғындардың ауылды дамытудағы аса ұйымшылдығын айғақтайды.

Әсел ЖАҚСЫБАЙ:

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:37, 4 желтоқсан 2019
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...