ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНУДА

18:30, 12 қыркүйек 2019

Биылғы жылы Павлодар облысына 3314 мал басы әкелінген. Олардың басым көпшілігі Ресей елінен жеткізіліп отыр. Осылайша елімізде асыл тұқымды мал басын көбейту басты назарға алынған. Бұл туралы коммуникациялар өқызметінде өткен брифингте айтылды.

Елімізде «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан 15 миллионға дейін ірі қара мал әкелу жоспарланған. Бүгінде асыл тұқымды малдардың жартысы аймақтағы 33 шаруа қожалығына әкелінген. Бүгінде олардың үшеуінде карантин жалғасуда. Сондай-ақ, малдарды әкелу бойынша шаруа қожалықтарының жетекшілері экспорттаушы шаруашылықтардың Кеден одағына тізімге кіруін ескертуі қажет. Қызметтің негізгі бағыттарының бірі - тасымалданатын ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін бақылау, Қазақстанның жақын маңдағы облыстары мен Ресей Федерациясының шектес аумақтарынан инфекцияның әкелінуіне жол бермеу.

Рашид Нұрбеков, облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы:

Бағдарлама аясында қаржыландыру ұзақ мерзімге - 15 жылға дейін қарастырылған. Жылдық пайызы 4 пайызға дейін төмен. 2019 жылы Павлодар облысына 3314 бас ірі қара сатып алынды. Оның ішінде 1935 бас - Ресей Федерациясынан, 289 бас - Чех Республикасынан демек, 33 шаруа қожалығы.

Бірлескен шаралар жоспарын орындау мақсатында Қазақстан республикасының Еуразиялық эканомикалық одағының мүше елдерімен мемлекеттік шекарада агрокешен  өнімдерін қадағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін облыс ауымағында сегіз ветеринарлық бекет ашу жоспарланған. Олардың екеуі Ресесйде, үшеуі Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарының ішкі шекараларында орналасады. Айта кетейік, жыл басынан бері мал басы мен өнімдерді тасымалдау бойынша 107 құқық бұзушылық анықталған. Айыппұлдардың жалпы сомасы 3 345 625 теңгені құрайды.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...