ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОР 16 ЖОБА ҰСЫНДЫ

15:47, 26 маусым 2019

Қытай елінің инвесторы Павлодар облысында 16 жобаны жүзеге асыруға ниетті. Шет елдік бизнесмендер мал шаруашылығы, егіншілік, қайта өңдеу салаларына қаражат салуға әзір.

Облыстық әкімдікте өткен кәсіпкер сағатына бұл жолы қытайлық инвестор келіп жобаларымен таныстырды. Аспан асты елінің кәсіпкері, Қазақстан мен Қытай арасындағы «Бір белдеу бір жол» бағдарламасы аясында бірқатар жобаларын ұсынды. Олар көбінесе, мал және егін шаруашылығындағы қайта өңдеу кәсіпорындары.

Линг Ронгшенг, «ЦЗЮЖУН ЭНЕРГЕТИКА» корпорациясының басшысы:

2 млрд 300 млн АҚШ доллары Оның ішінде бірінші кезекте 800 млн доллар ақша құйылады. Жалпы 16 жобаны жоспарлап отырмыз.  

Жобалардың ішінде мал азығын өңдейтін зауыт, құс фабрикасын салу, мамық өңдеу кәсіпорыны, қант зауыты, сүт өнімдері кәсіпорны секілді ірі жобалар бар.

Есенбек САНАТҰЛЫ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...