ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ҚЫТАЙҒА ЕТ ЭКСПОРТТАУҒА МҮМКІНДІК ТУДЫ

10:35, 15 мамыр 2018

Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге биыл жаңа экспорттық мүмкіндіктер ашылады. Алайда, өңір шаруалары көрші елге өнім жеткізуге қаншалықты қауқарлы? Мәселен, облыстың кей аудандарында мал бордақылау алаңдары жоқтың қасы. Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және өзге де қордаланған мәселелер облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында талқыланды.

Бүгінде Павлодар облысында асыл тұқымды мал басын көбейтуге басымдық берілген. Бұл - елімізде ет экспортын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың бірі. Қазір өңіріміз бойынша осылайша 1593 асыл тұқымды мал шаруа қожалықтарына жалға берілуде. Мақсат –  аймағымыздағы ірі қара басын асылдандырып, сапалы ет өнімін нарыққа шығару. Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Махажанов жергілікті шаруа қожалықтары үшін үлкен экспортьтық мүмкіндік ашылғанын тілге тиек етті. Көршіміз – Қытай елі өз аумағына ет өнімдерін енгізуге рұқсат беріп отыр.

ДӘУРЕН МАХАЖАНОВ, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Қазір Қытай елінде ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Алайда, онда жайылымдардың аздығы қатты сезілуде. Сондықтан, ірі қар малды енгізуге рұқсат беріліп отыр. Алғашқы кезеңде малды тірідей ғана апара аламыз. Кейін оны ет күйінде өткізуге рұқсат берілмек. Сондай-ақ, шаруаларда жем-азық қорын экспорттауға да мүмкіндік бар.

Экспорт саласында сапаға басты мән беріледі. Ал Павлодар облысында мал бордақылау алаңдарының саны аз. Железинка, Баянауыл аудандарында бұл мақсатта жақсы жұмыстар жасалуда. Ал 10 мың ірі қар бар Шарбақты ауданында бұл мәселе жабулы қазан күйінде тұр. Жиында ветеринария саласы мамандарының да есебі тыңдалды. Сала басшысы Қайыржан Байжановтың сөзінше, соңғы алты жылда өңірімізде бруццелез 7 ден 0,9 пайызға дейін төмендеген. Жиын қорытындысы бойынша барлық аудан әкімдеріне мен сал басшыларына нақты тапсырмалар берілді Аймақ басшысы ет экспорты, мал шаруашылығы бағытындағы жұмысьтардың үнемі бақылауда болуын тапсырды. 

Қуандық ТАНАБАС

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ҮНЕМДЕУ -   БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК
16:27, 11 қыркүйек 2018
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ҮНЕМДЕУ - БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК
Толығырақ...
ИМПОРТ ПЕН ЭКСПОРТ КЕЗІНДЕ ЖАНУАРЛАРДАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕРГЕ ВЕТИРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ
17:51, 6 қыркүйек 2018
ИМПОРТ ПЕН ЭКСПОРТ КЕЗІНДЕ ЖАНУАРЛАРДАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕРГЕ В...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар