ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

КҮЗДЕ СҮТ ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

18:53, 14 тамыз 2019

Ұлт жоспарындағы 100 нақты қадамның 60-шы қадамы, сүт және сүт өнімдерін өндіруді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тартуды көздейді. Осы ретте алдағы қараша айында Павлодар ауданында 300 басқа арналған сүт-тауар фермасы іске қосу жоспарланған. Кәсіпорын алғашқы бетте тәулігіне 5 тоннадан астам сүт сатуды көздейді.

Осы жылдың сәуір айында Луганск ауылында сүт-тауар фермасының құрылысы басталған болатын. Мұнда 600 басқа арналған 2 кешен салу жоспарлануда. Соның бірі 300 сиыр саууға арналған базаның құрылысы аяқталуға жақын. 1 қарашаға дейін іске қосылады, дейді кәсіп иесі. Екінші кешен келесі жылы салынады.

Петр Кузьменко, «Луганск» ӨК төрағасы:

Біздегі малдың бір тұқымы – сүт, ет өнімдері. Олар біздің қатаң климатқа бейімделген. Жыл бойы орташа сауым бір сиырға шамамен 5 мың литр сүтті құрайды. Сиырдың бұл тұқымы үшін жақсы көрсеткіш.

Жаңа сүт-тауар фермасы іске қосылғанда жаңадан 12 жұмыс орны ашылады. Қажетті кадрларға қазір де орын бар.

Петр Кузьменко, «Луганск» ӨК төрағасы:

Жұмысқа деген көзқарастың төмендеуі адамдарды жатып ішер жалқаулыққа әкеледі. Жұмыс жоқ деп айтатындарға айтарым, бізде жұмыс бар, бірге жұмыс атқаратын едік. Бүгінгі күні 4 малшы, 5 механизатор, 4 сауыншы, 10 құрылысшы, 2 дәнекерлеуші қажет.  Бүгінде қалада жоғары жалақы бар деп айта алмаймын, бәлкім біздкінен 10 мың теңге артық шығар. Біздің ауылда еңбектенуге болады.

Өндірістік копператив толық іске қосылған соң тәулігіне 22 тонна сүт шығаратын қуаттылығы бар. Сондай-ақ, олар жылына 1200 бас ірі қараны етке тапсырады.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...