ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

12:20, 12 қараша 2019

Өңірде көмір тапшылығы жоқ. Бүгінгі күнде қоймаларда көмірдің 16 мыңнан астам тоннасы сақталған. Сондықтан, қыс мезгілінде тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ.

Қазіргі күнде көмір қоймаларында қатты отынға деген тапшылық байқалмайды. Барлығы да қалыпты түрде жұмыс атқаруда. Бүгінде Майкөбе, Екібастұз, Қаражыра көмірлері еркін айналыммен сатылып жатыр. Қатты отынды тасымалдаумен айналысатын  операторлардың сөзінше, халықты қыстық отынмен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Олег Сайко, «Авест-Павлодар» ЖШС менеджері:

Қазіргі уақытта біздің кәсіпорынның қоймасында ең көп тұтынылатын майкөбенің 1873 тоннасы сақтаулы. Оның бір тоннасы 10 мың теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 500 теңгеге арзан. «Богатырь» кенішінің екібастұздық көмірінің құны тоннасына 7 мың теңгені құрайды. Біз жеткізушілердің бағасына тікелей тәуелдіміз. Біз кем дегенде жыл соңына дейін көмір құны өзгеріссіз қалады деп есептейміз.

Аймақта қатты отынның тоннасын 7 мыңнан 12 мың теңгеге дейін сатып алуға болады. Өткен жылмен салыстырғанда, биылғы баға арзандау.  Қатты отын бағасын бақылайтын жұмыс тобының мүшелері көмірдің қымбаттауына ешқандай себеп жоқ екенін айтуда.

Ұлан Жазылбек, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Облыстың тұрғындарының жыл бойы сатып алатын көлемі 430 мың тонна. Оның жартысынан көбі дайын. Қазіргі таңда жұмыстар атқарылып жатыр. Көмір бар. Баға тұрақты. Ешқандай қорқынышты жағдай жоқ.

Облыс орталығында көмір сататын төрт орын жұмыс істейді. Екібастұз, Ақсу қалаларында және аудан орталықтарында бір-бір орыннан бар. Сатушылар бүгінде қатты отынға деген сұраныстың жоғары екендігін айтады. Сондай-ақ, рұқсатсыз көмір саудасының болмауы қатаң бақылауда. 

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...