ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨҢІЛ АУДАРЫЛАДЫ

18:39, 12 шілде 2019

ҚР Президенті әкімшілігінің тапсырмасы бойынша облыстық және аудандық Бұқаралық ақпарат құралдары салаларында «Бірге» атты тұрақты айдар өз жұмысын бастады. Солардың қатарында аймақтық ERTIS арнасы да ел Президентінің нақты 10 тапсырмасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше ден қоюда. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында субсидия беруден Павлодар облысы республикада бірінші орында. Ал, «Doing business» ұлттық рейтингісінде бесінші тұрмыз. Бұл туралы әкімдікте өткен аппарат жиналысында белгілі болды.

1-шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысындағы 46 167 шағын және орта бизнес нысандары 16 млрд теңге салықтық түсім әкелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8%-ға артық. Өңірдің кәсіпкерлік және сауда басқармасының мәліметінше, шағын және орта бизнес өңірдің ішкі жалпы өнімінің 18,3 %-ын құрайды. Бұл шамамен 865 млрд. теңге.

Жайық Хасанов, кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

Жылдық өнімдері 1 млрд теңгеден асатын 47 кәсіпорынның тізімі жасалды. Олармен кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламаларына қатысу жөнінде жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Басқарма басшысының айтуынша, 387 шағын және орта бизнес есеп-қисаптарын дәл жапқан. Бизнестің жол картасына қатысушы 75 кәсіпкердің табысы болмаған. Ал, 26 нысан қызметтерін уақытша тоқтатты. Аймақ басшысы мұндай жағдайларға жол бермеуді тапсырды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Аудан әкімі мәселенің мәнісіне бас ауыртуы керек. Оған қандай көмек керек? Бәлкім, өнімін өткізе алмаған шығар.

Болат Бақауов бизнестің жол картасы қатысушыларымен жергілікті әкімдер жиі кездесіп тұруы қажет екенін тілге тиек етті. Тек қана әкімдік емес, кәсіпкерлік және сауда бөлімдері, мемлекеттік кіріс департаменті де жағдайды назарда ұстауы тиіс. Шағын және орта бизнеске әкімшілік кедергілер болмауы қажет. Әкімдер кабинетте отырмай әр кәсіпкердің мұң мұқтажына қанық болуы тиіс, дейді Болат Бақауов.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Мұрат АБИЛМАЖИТ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...