ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІП ТҮБІ - НӘСІП

18:37, 9 шілде 2019

Кәсіпкерлерді қолдау және жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірімізде айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Бағдарлама аясында тәлім алушылар қысқа мерзімдік оқыту курстарынан өтіп, арнайы маман екендігін дәлелдейтін құжат алып шығады. Жеке кәсібін дөңгелетемін деушілерге мемлекеттік бағдарлама бойынша несие де қарастырылған.

Аталмыш бағдарлама бойынша жыл басынан бері қысқа мерзімдік оқыту курстарына 588 жұмыссыз азамат жіберіліп, 29 мамандық бойынша білім алған.  Басты мақсат еңбек нарығында аса сұранысқа ие, табыс көзі болып табылатын қажетті мамандықтар. Өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекеттік гранттар қарастырылған. Шәкіртақы да беріледі. Жыл басынан бері 160 жұмыссыз адам жаңа мамандық иесі атанған.  

Айта кету керек, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленетін мемлекеттік гранттар – қайтарымсыз несиелер болып саналады. Демек, өз бойындағы  қабілет-қарымына қарай білім алған әр маманның  өзі қалаған сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік мол.

Ирина Глущенко, курс тәлімгері:

Мен 4  жылдай шаштараз болуды армандадым. Сол жұмысты оқып-үйренгім келді. Бірақ сән салондарына барғанымда ол қызметті оқып-үйрену ақылы болды. Ал жұмыспен қамту орталығы арқылы мен тегін білім алдым және шәкіртақыға да қол жеткіздім. Енді шаштараз болып жұмыс істеу мақсатым.

 Тағы бір қуантарлығы, заман талабына сай, Павлодар қаласы жұмыспен қамту орталығы бүгінгі таңда цифрлік білім алуға да арнайы оқыту курстарын бекітіп, өтініштер қабылдауда. Бұл арқылы әр келген адам әлеуметтік желілерді дұрыс пайдаланып игеруге, электронды үкімет порталы арқылы өзіндік өтініштерін қалдыруға үйреніп, білім деңгейлерін кеңейте алады.  «Кәсіп түбі – нәсіп» демекші, өз кәсібін дөңгелетем деушілерге жасалып отырған мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы ел экономикасының дамуына өзіндік үлес қосуы сөзсіз. Ал, оқып-үйренуге  – ешқашан кеш емес!

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
10:26, 9 желтоқсан 2019
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:37, 4 желтоқсан 2019
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...