ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

КЕНДІР ӨНДІРІСІ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

18:51, 14 тамыз 2019

Павлодарда кендір өндірісі қолға алынбақ. Бұл туралы кәсіпкерлер үйінде өткен «Инвестор сағатында» айтылды. Кендір қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді. Ол отын, тоқыма, құрылыс және басқа да өнеркәсіпте шиткізат ретінде пайдаланылады.

Кәсіпкерлер үйінде өткен кезекті жиында алматылық инвестор кендір өндірісі жобасын ұсынды. Оның Алматы облысында бір кәсіпорыны жұмыс істейді. Енді, ол біздің өңірде да бұл істі дөңгелетпек. Инвестордың айтуынша, Ертіс өңіріс өндірісті құруға тартымды аймақтарының бірі.

Максим Скрынник, Kazhemp компаниясының директоры:

Мұнда ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған. Қазірден бастап зауыт құрылысын жоспарлап отырмыз. Зауыт құрылысы үшін аумақ қажет және жұмыс істейтін көптеген мамандар қажет. Біз бір комбинат жұмысына 4,5 мың гектар есептеп отырмыз. Ал қағаз комбинатына 1,5 га жер керек.

Бүгінгі таңда кәсіпорын экотекстильге және қағаз жасауға баса назар аударады. Өнімдер Еуропа, Үндістан және Солтүстік Америка нарықтарында сұранысқа ие. Қазірдің өзіңде біздің өңірге тәжірибе ретінде 7 гектар алқапқа кендір егілген. Өз кезегінде аймақ басшысы жобаға оң бағасын берді.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Біз бірнеше нұсқаны ұсынамыз. Аяқталмаған ғимараттар да бар. Жылдамырақ іске қосу үшін біз көмек беруге дайынбыз. Сіздер дұрыс айттыңыздар. Басқаларға қарағанда біздің аймақ қарқынды жұмыс істейді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер үйінде «Ашық есік күні» де ұйымдастырылды. Онда тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды. Бұдан былай «Ашық есік» күні апта сайын өткізіліп тұратын болады.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...