ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ

17:08, 5 маусым 2019

2006 жылдан бастап елімізде жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі ұйымдастырылады. Бұл көрмені өткізу 2015 жылдан бастап «Атамекен» ұллтық кәсіпкерлер палатасына жүктелген. Биылғы жылғы көлемді додаға Павлодар өңірінің өндіруші компаниялары да белсенді қатыспақ. Осы ретте, облыс орталығында кәсіпкерлерді байқау шарттарымен таныстыратын семинар басталды.

Сәуле Әбілдинова бизнес саласына осыдан бір жыл бұрын келген. Ұлттық нақыштағы спорттық киімдерді тігумен айналысады. Бұған дейін бірнеше қалалық, облыстық көрмелерге қатысып келді. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында 500 компанияның басын біріктірген көрмеге қатысыпты. Енді, «Алтын сапа» жүлдесінен дәмелі.

Сәуле Әбілдинова, кәсіпкер:

Спорттық киімдерді ұлттық нақышта тіккенімен бір жылдың көлемі болды. Осы байқауға қатысып, бағымды сынағым келеді. Нұр-Сұлтан қаласындағы 500 компания қатысқан көрмеге қатысып келдім. Көп нәтиже жинадым.  Енді, алдағы уақытта осындай көрмеге қатысып тұрамын деген ойдамын.

Байқау басталмас бұрын барлық кәсіпкерлер көрменің талап-мақсаттарын білу үшін семинарда бас қосады. Бұл жерде «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» сайыстарының өткізілу ережесі түсіндіріледі. Сонымен қатар, өндіруші компания өкілдері семинар барысында өз бәсекелестерінің мүмкіндігін бағалай алады.

Дина Мұқатова, кәсіпкерлер палатасының сапа сарапшысы:

Әлемдік деңгейдегі осындай байқаулар ақылы түрде ұйымдастырылады. Ал, бізде өткізілетін «Алтын сапа» жүлдесі ғана тегін өтеді. Еліміздегі кез-келген кәспкер қатысып, бағын сынай алады.  Тек, өндіретін тауарласы белгіленген 4 номинациядағы стандарттарға сай болса болғаны.

«Алтын сапа» байқау-көрмесінің жыл сайын ауқымы кеңеюде. Биылғы жылы отандық өнім өндірушілер 4 бағыт бойынша сынға түседі. Сонымен қатар, былтырдан бері ауылшаруашылық өнімін өндірушілер байқауға қатысып келеді.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...