ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ

19:13, 26 маусым 2019

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, өндіріс көлемін ұлғайту бойынша несие ала алады. Қаражат көлеміне шектеу жоқ. Әйтсе де Ертіс-Баян өңірінде бұл қаражатты игеру баяу жүріп жатыр. Облыс әкімдігіндегі аппарат жиынында осы мәселе тағы талқыланды.

Өңірдегі бірқатар фермерлер неисе алар кезде едәуір жеңілдетілген бағдарламалардың бар екенін қаперден шығарып жіберген. Ұсынылған жобаларды қарау кезінде аймақ басшысы осы жағына назар аударды. Мәселен, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы арқылы оларға жылдық өсімі 5 пайызбен бес жылға несие берілсе, оның тағы бір нұсқасында дәл осындай өсіммен 15 лет жылға алуға болады екен.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Ауылшаруашылық бағытындағы барлық жобаларды жеке-жеке қарап шығыңдар. Егер қаржыландырудың басқа да жолы бар болса онда жобаларды қайтарайық.

Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы,  құрамына «Даму» қоры, кәсіпкерлер палатасы, ауылшаруашылық басқармасы, индустриялды-инновациялық даму басқармасы және банк өкілдері кіретін топ құруды ұсынып отыр. Содан кейін аудандарға шығу керек дейді. Өйткені, ауылдағы көптеген фермерлер барлығын егжей-тегжейлі біле бермейді.

Жайық Хасанов, кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

Ауыл фермерлеріне сол жерде түсіндіреді. Мәселен, палатаның анкетасын толтыруға көмектеседі. Осылай әрекет жасамасақ, Үкіметтің әр жиынында ең соңғы деп бізді көзге шұқиды.

2000 жылдардың басындағымен салыстырғанда билік пен бизнес арасындағы қарым-қатынас көп өзгерген.

Болат Бакауов, Павлодар облысының әкімі:

15 жыл бұрын кәсіппен шұғылданған адам қазір осы жиынды банк өкілімен бірге көретін болса,  мүмкін емес дер еді. Облыс әкімі, ісіңді алға бастыру үшін банк көмектеседі деп отыр. Бұрын бұлай болмайтын ғой.

Жиын барысында аймақ басшысы Аққулыдағы жанар-жағар май құю стансасы мәселесін де көтерді. Қазір ол нысанның бір бөлігі «Қазавтожол» компаниясына тиесілі. Алайда әлі күнге дейін байқау жарияланбаған. Әкім осы мәселені де жақын арада шешуді тапсырды. Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша аудан және қала әкімдерінің есебін тыңдаған Болат Бақауов, мемлекет беріп отырған қаражатты тиімді пайдаланып қалуды тапсырды.

        

Есенбек САНАТҰЛЫ, Мурат АБИЛМАЖИТ

 

 


 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...