ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ТУРАЛЫ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙҒАНҒА 5 ЖЫЛ

21:10, 4 сәуір 2019

Осы жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойғанға 5 жыл және Еуразиялық интеграцияға 25 жыл толып отыр.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының диалог алаңында өткен кездесуге Павлодар Білім беру қауымдастығының өкілдері, Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, ҮЕҰ өкілдері жиналды. Пікірталасқа қатысуға Қарағанды, Өскемен, Барнаул, Новосібір қалаларынан қонақтар келді. Дөңгелек үстелге онлайн режимінде Арменияның сарапшылары қатысты. Ірі экономикалық бірлестіктердің біріне айналған одақ тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы бар ортақ нарықты қалыптастырды. Бұл ұйымның негізгі мақсаты мүше мемлекеттер экономикасының тұрақты дамуы үшін олардың халқының тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында жағдай жасау. ЕАЭО құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы кіреді. Осы кезең ішінде ЕАЭО толыққанды экономикалық қоғамдастыққа айналды және әртүрлі сараптамал бойынша, интеграция деңгейі ұқсас ұйымдармен салыстырғанда Еуропалық одақтан кейін екінші орында. Бүгін осы мақсатта халықаралық дөңгелек үстел өтті. Ең өзекті деген мәселелер қаралды.

Франк Дмитрий, Павлодар облысы қха ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі

Еуразиялық экономикалық одақ құрылған сәттен бастап бес жыл өтті. Ааз уақыт болса да, белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. Біз бұл іс-шараға дайындалған кезде, біздің өңірдегі сараптамалық қауымдастықтың дамуын шештік. Оның бізде Ресей, Барнаул, Новосібір, Томск, Алматы, Нұр-сұлтан сияқты шекаралас аймақтарда жақсы дамып келе жатқаны құпия емес, Павлодар да осы қатардан қалыс қалмауын қалаушы едік. Сондықтанг біз бүгін осында жиналдық. Біз әртүрлі мәселелерді қозғаймыз, бұл Ресей, Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Беларусь өзара іс-қимылының экономикалық бағыттары, сондай-ақ түрлі салаларды, оның ішінде білім мен мәдениетті дамытудағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылаймыз.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар