ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

19:46, 15 сәуір 2019

Биыл аймағымызда 132 млрд теңгеге 94 бизнес нысаны ашылады деп көзделуде. Бұл туралы қала әкімдігінде аймақ басшысы Болат Бақауовтың қатысумен өткен жиын барысында мәлім болды. Оған облыс басшылығы мен қала бизнесмендері қатысты.

Жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар арқасында мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады. Толығырақ  тілші әңгімесінде.
Бүгінге таңда аймағымызда 31593 шағын және орта бизнес субьектілері бар. Оның ішінде 6 мың нысан жұмыс істемейді. Жыл сайын Үкімет тапсырмасы бойынша елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін республикалық бюджет есебінен қомақты ақша бөлінеді. Сонымен қатар, 2010 жылдан бері мемлекетімізде бастау алған «Бизнестік жол карта-2020», «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бағдарламалары жұмыс  жасап келеді. Қала әкімдігінде болған жиында биыл шаһарымызда ашылатын бизнес субьектілері көрсетілді. Көш жүре түзеледі. Өткен жылымен салыстырғанда бұл мәселе оң шешімін табады деп жоспарлануда. .  
 

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі
Павлодар қаласы бизнесті дамыту рейтингісінде 197 тізімі бойынша 150-інші орында тұр. Осы деңгейге қарап біз қорытынды жасауымыз керек. Биылғы бұл мәселе  шешіледі деп ойлаймын. Кәсіпкерлікті дамыту керек.


Кәсіптен нәсіп тауып отырған бизнесмендерге мемлекетіміз бар қолдауын көрсетіп отыр. Бұл бастамалардың арқасында Павлодарда халықтың әл ауқатын жақсарту үшін ірі кәсіпорындар, дәріханалара, дәмханалар, қонақ үйлер, супермаркеттер, мейрамханалар, тұрғын үйлер, шағын өнеркәсіп кешендері бой көтеріледі.
 

Әнуар Күмпекеев, Павлодар қаласының әкімі
Биыл өнеркәсіп кешенін дамыту үшін 34 млрд теңге, әлеуметтік экономикалық аумақ жобасын қолдау үшін 30 млрд теңге,  шағын және орта бизнесті дамыту үшін 7 ,8 млдр, ауылшаруашылыққа 4,6 млрд теңге , құрылыс саласына 5 млрд теңге жұмсалады деп көзделуде.


Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті дамыту департаментіне мемлекеттен қолдау іздеп,  несие алу үшін өтініштер түсуде. Қала әкімдігі өз тарапынан бизнесмендермен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын  жиі жүргізеді. Инвестициялық жобаларды іске қосу үшін «Даму» қоры да қолдау көрсетіп отыр. 
 

Арыстан Қабыкенов, облыс әкімінің орынбасары
Естеріңізде болса мен өткен кездесулерде шағын индустриалды аумақтар ашу жайында айтқан болатынмын. Қазір жаңа заң бойынша  жергілікті атарушы органдар арқылы  жүзеге асырылады. Нақты айтатын болсақ, мысалы, біз 2-3 шағын ғимарат тұрғызып, оны бақылауға алып,  уа0ытша тегін жалға беруіміз керек. Өз жұмысын жаңа бастап жатқан бизнесмендерге.  Сонымен қоса, Даму қоры да белсенді жұмыс жасап келеді. Бизнесті дамыту мақсатына 600 млрд теңге бөлінді. Біз бұл тұрғыда белсенді жұмыс жасауымыз керек. Себебі несие 8 процентпен ғана беріледі.

Жалпы, екі жақты кездесу қорытындысы бойынша бизнесмендердің жиі кездесетін мәселелер  сөз етілді. Оның ішінде салынып жатқан нысандарға жылу өткізу, несие алу қағаз бастрлық мәселелерін азайту жұмыстары жайында айтылды. Әкімшілік өз тарапынан көмек көрсетуге даяр екенін жеткізді.

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар