ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ МЕН ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСУЫ

20:51, 3 шілде 2019

Ертіс өңірінде ағымдағы жылдың бес айында 97 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Оның ішінде шамамен 24 млрд. теңге қайта өңдеу өңдеу саласына жұмсалған. Облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында инвестиция тарту мәселесі мен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды.

Әкімдікте өткен аппараттық кеңесте күн тәртібіндегі басты мәселелер талқыланды. Солардың бірі - өңіріміздегі инвестицияларды тарту мен инвестициялық жобалардың іске асуы.  Кеңесте сөз сөйлеген өңір басшысы аудандар мен қалалар әкімдерінің назарын жеке инвестициялардың үлесі өсуге тиіс екендігіне аударды. Сондай-ақ облыс әкімі Болат Бақауов ұсынылған жобалар бойынша жұмыстар  жергілікті жерлерде не орындалмайды, не алға қойылған міндеттер нақты түсіндірілмейді, - дегенге тоқталды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Сонымен, 2019 да нақты қандай жобаларды көре аламыз? Кейбір аудандарға барсаң, ой-шұңқырдан көз ашпайсың. Саны көп, сапасы жоқ жобалардан көрі, жол бойына бір ғана кәсіп көзін ашсаңыздар, анағұрлым тиімді болар еді...

Әйтсе де, 2019 жылғы өңіріміздегі инвестиция тарту көлемінің қаншалықты жоғарылығы жайлы қағаз жүзіндегі баяндама құлаққа жағымды-ақ.

Бұл туралы облыстық индустриялық - инновациялық басқарма басшылығы мәлімдеме жасады.

Аймақ басшысының баса айтқаны, майда-шүйде жобалар аса пайда әкеле бермейді. Мәселен, дәнді-дақылдарды сақтайтын қоймалар сала бергеннен көрі, жұмыс көзін ашу аса пайдалы. Өңір экономикасының ілгерілуі үшін жұмыс істеу қажет, - деп тасырды.

Әсел ЖАҚСЫБАЙ.

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:37, 4 желтоқсан 2019
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...