ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР САНЫ АРТТЫ

10:21, 22 қараша 2019

Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша инвестициялар 15,7 пайызға өскен. Өнеркәсіп саласына тартылған инвестициялардың шамамен 40 пайызы қайта өңдеу секторына тиесілі. Жыл соңына дейін Павлодар облысында бірнеше жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі көлемі бойынша біздің аймақ үшінші орында тұр. Биылғы жылы ірі екі инвестициялық жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Желтоқсан айында кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша тағы екі жобаны іске қосу көзделген.

Ботагөз Нұрғазина, индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Бүгінде Павлодар облысында жалпы өңірлік инвестициялар үлесі шамамен 17%-ды құрайды. Республика бойынша бұл көрсеткіш 18,8%. Әкімдіктің жұмысы өңірлік инвестициялар деңгейін 30 %-ға дейін жеткізуге бағытталған. Жалпы біз инвесторларды іздеуде белсенді жұмыс жүргізудеміз.

Облыста Павлодар арнайы эконимикалық аймақ табысты дамуда. Оған инвесторлардың қызығушылығы мол. Аймақта 4 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. 

Әлібек Несіпбеков, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы басқарма төрағасы:

Тас көмір коксын, белсендірілген көмірді, техникалық газды, пеш отынын өндіру, өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату. Келесі жылы 11 жобаны іске асыру жоспарлануда: композиттік коагулянттар, отынға және басқа да жобалар.

Барлық жоба жұмыстары экспортқа бағытталған. Жаңа сауда және инвестициялық серіктестер пайда болуда. Айта кету керек, бұрын Павлодар облысы инвесторларды тарту бойынша 32 елмен өзара серіктестік жасаған. Бүгінгі күні олардың саны 43-ден асады.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...