ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ИНДУСТРИАЛДЫ СЕРТИФИКАТ

19:02, 12 маусым 2019

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан аумағында өндіріліп, тіркелген тауарларды және қызмет көрсететін өндірушілердің тізімін қалыптастыруда. 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алуға қатысатын кәсіпкерлердің қолында индустриалдық сертификат болуы шарт.

Павлодар облысында 131 000 адамды жұмыспен қамтып отырған 44 000 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Ертіс-Баян өңірінің кәсіпкерлері енді 1 шілдеден бастап, индустриалды сертификат арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл әзірге жеңіл және жиһаз өнеркәсібіндегілерге қатысты. Болашақта барлық бизнесмендер бұған тәуелді болмақ.

Ербол Арынов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

Вы должны понять, что все направления бизнеса, строительства будут в конце концов иметь индустриальный сертификат.

Индустриалды сертификат - Қазақстан аумағында өндіріліп, тіркелген тауарларды, және қызмет көрсететін өндірушілердің тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. Бұл құрал арқылы бизнестің дамуына жол ашылады. Кәсіпкерлер сарапшылардың көмегімен өздері баға бере алады.

Светлана Воронцова, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

Салалық сарапшыны "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен салалық қауымдастық ұсынады. Олардың техникалық білімі, тәжірибесі бар және өндірісті тексеру кезінде нақты өндірісті, базаны, жабдықтарды, техникалық нормативтік құжаттаманы, технологиялық процесті және өндірістік қуаттарды қамтамасыз ете алуын тексереді.

Индустриялық сертификаттың қосымша артықшылықтары да бар. Мысалы, "Самұрық-Қазына" қорында сатып алу жүргізерде, кәсіпкерлер алдын ала біліктілік іріктеуінен өтуі қажет. Индустриялық сертификат иелері оны алдын ала біліктілік іріктеуінен өту кезінде қолдана алады және жалпы балл сомасының 20% - ын қосымша алуға мүмкіндәік бар.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...