ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАҢА КЕШЕН АШЫЛДЫ

19:09, 22 шілде 2019

Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Барша қазақстандықтар әл-ауқатының көтерілуі оның дамуымен тығыз байланысты. Қала күніне орай, Кенжекөл ауылында «МЕГА» сауда кешені есігін айқара ашты. Жергілікті кәсіпкерлер және тұрғындармен арнайы жүздесіп қайтқан тілші әңгімесіне назар салайық.

«Мега» сауда кешенінің жалпы аумағы 81,6 шаршы метрді құрайды. Мұнда  6 сауда дүңгірі, жүк көлігімен сауда жасау үшін 5 орын және автокөлікті өздігімен жуу қызмет көрсету орны бар. Мерекелік іс-шаралар мен той-домалақтар өткізу үшін сыйымдылығы 30-40 адамға дейінгі арнайы киіз үйлер орнатылған. Бұдан басқа фастфуд және ұялы телефон жөндеу мен аяқ киім жөндеу павильондары да жұмыс атқаруда. Сауда кешеніне 15 адам жұмысқа орналасқан.

Нұржан  Макажанов, жеке кәсіпкер:

Біз Мега деп аталатын атына заты сай мегакешенді Кенжекөл ауылын одан  әрі дамыта түсу мақсатында салып отырмыз. Бұл сауда үйі Кенжекөлдің 2 ші және үшінші айналмалы жолдар арасына орналасқан. Кешен сауда дүкендерінен басқа, ойын-сауық, шаштараз т.б түрлі қызмет түрлерін көрсете алады.

Сауда кешенінің ашылу салтанатына орай, ауыл тұрғындары үшін ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Онда өндірушілердің азық-түлік тауарлары әлеуметтік бағалармен ұсынылған. Жергілікті тұрғындар үшін ашылып жатқан бұл кешеннің тиімді тұстары көп дейді, - кенжекөлдіктер.

Айта кету керек, Нұржан кәсіпкердің сөзіне қарағанда, ол өз бизнесін дамыту жолында мемлекеттен ешқандай несие алмаған. Тек халық үшін игілікті қызмет жасау – әр перзенттің міндеті деп білемін, - дейді ол. Оны әр дүңгіршекті жалға алып отырған шағын кәсіп иелері де айғақтайды.

Кешеннің ашылу салтанатының соңы жергілікті өнерпаздардың ұйымдастыруымен қала күніне орай  мерекелік концертке ұласты.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...