ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ БИЗНЕС БАСТАМАЛАР

16:57, 5 маусым 2019

Бүгінгі таңда қандай инвестициялық жобалар қатталып дайын тұр? Тағы қандай жобалар әзірленіп жатыр? Облыс әкімдігінде өткен кезекті бас қосуда «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бүгінгі тыныс-тіршілігі талқыланды.

Корпорацияның басқарма төрағасы Әлібек Несіпбековтің мәлімдеуінше, бүгінгі күні үш инвест-жоба жүзеге асыруға дайын тұр. Олар Ақсудағы крахмал өндірісі мен жылына 100 мың тонна қант шығаратын кешен. Және, Солнечный кентінде аумағы 30 гектар болатын жылына 13 000 тонна қызанақ пен қияр өндіретін жылыжай кешені. Әкім, инвесторларға жобаның егжей-тегжейі толық түсіндірілуі керек екенін атап өтті.  

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Яғни, ауылшаруашылық министрлігі толық білуі керек. Мәселен, құс фабрикасы салсақ оған үш жылдық бюджетке субсидия салу керек. Біз, қытайлық па, португалдық па немесе біздің инвестор бола ма күтіп отырмаймыз. Өзіміздің дайындық құжаттарымызды әзірлей береміз.

«Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында тағы сегіз жоба әзірленіп жатыр. Тамшылатып суаратын Ақсудағы агроаймақ. Екібастұздағы техникалық кремний шығаратын өндіріс тағысын тағы. Жақын жылдары өңірде 140 мың гектар суармалы жерді іске қосу жоспарланған. Аймақ басшысы, біздің өңірге сырттан келетін ауылшаруашылық тауар өнімдерінің көлемін анықтауды тапсырды. Сондай-ақ, Иран мен қытайға ет экспорттау мәселесін де көтерді.  

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
10:26, 9 желтоқсан 2019
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:37, 4 желтоқсан 2019
ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...