ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЕРТІС АУДАНЫ АСТЫҚ ЖИНАУДАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

19:37, 4 желтоқсан 2019

Өңіріміздегі астықты өлке саналатын Ертіс ауданы биыл гектарына 11,8 центнерден өнім алды. Орташа көрсеткіш болып есептелгенімен, республика көлемінде алдыңғы қатарда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі мәлімдеді. Ертіс ауданының ауылшаруашылық саласында тағы қандай жетістіктері бар?

Биыл Ертіс ауданындағы егістік алқаптар көлемі былтырғымен салыстырғанда 2,5%-ға артық болып, 347 мың гектарды құрады. Дихандар қамбаға 325 мың тонна дәнді дақылды құйып алды. Егіннің шығымдылығы гектарынан 11,8 центнер. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда төмен көрсеткіш болғанымен ресупблика бойынша жақсы нәтиже. Өйткені, өткен жаз жаңбырсыз болып, еліміздің көптеген аймақтарында егін бітік шықпай қалды.

Аян Бейсекин, Ертіс ауданының әкімі:

Егерде ауа райы жақсы болып, жаз кезінде уақытылы жаңбырлар жауса, онда біздің потенциалымызды ескере отырып 20 центнердің үстінде жинайтын жағдайымыз бар еді. Сондықтан да жалпы жаман емес. Бүкіл Қазақстандағы статистиканы қарап отырсақ ең үздік аудандардың қатарына кіріп отырмыз. Сондықтан да құдайға шүкір дейміз.

Иә, құдайға шүкір, ауданда пайдалануға берілген суармалы егістік алқабы 1000 гектардан асқан. Алдағы екі жылда қосымша 7,5 мың гектар жерді іске қосу жоспары бар. Оған қоса, ауданда асыл тұқымды мал сатып алу мәселесіне де зор мән берілген. Бұл ретте, «Сыбаға», «Еңбек» бағдарламаларының әлеуеті зор. Ал, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен қатар, келер жылға жобалар әзір.

Аян Бейсекин, Ертіс ауданының әкімі:

 «Ауыл – ел бесігі» бойынша біз осы жылы қолдауға ие болған болатынбыз. Ертіс ауданында біраз жобалар іске асырылды, жаңа айтып кеткенімдей. Одан басқа, бірқатар жобаларды дайындап қойдық. Тек Ертіс ауылы емес, Ресеймен шекаралас потенциалы жоғары ауылдарда біраз жобаларды дайындадық.

Бүгінгі таңда ауданда 22 өңдеу нысаны жұмыс істейді. Олардың 18-і астық өнімдерін өңдесе, төртеуі мал шаруашылығы өнімін өңдеумен айналысады. Сонымен бірге, ауданда бес сүт дайындау қосыны бар. Атап өтерлігі, осы жылы Ертіс ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жалпы құны бір миллиард теңгеден асатын бес жоба жүзеге асырылды.

 

Автор: Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...