ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІН АТАП ӨТТІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

21:43, 10 шілде 2018

Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі жергілікті БАҚ өкілдерімен бірлесіп, әлеуметтік азық-түлік бағасын бақылауға шықты. Бөлшек сауда нүктелерін күнделікті назарда ұстайтын мамандар бірінші қажеттіліктегі азықтың құны тұрақты, әрі қолжетімді деңгейде сақталып тұрғанын айтады.

Әлеуметтік азық-түлік түрлерін жатқа тізіп, сөрелерде белгіленген бағаны айна-қатесіз айтатын мұндай сатушылардың саудасы адал. Күн ара келіп-кететін мамандар, бұдан бөлек, тағы 35 сауда нүктесінде бақылау жүргізеді.

АРМАН АСИПОВ, Павлодар қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі

Бағалар тұрақты сақталуда.  Айтып кетсек, қазір қанттың бағасы – 220 теңгеден, 1-ші сұрыпты ұнның бағалары – 77-80 теңгенің аралығында және нанның бағасы 70-75 теңгенің аралығында сатылып жатыр.  Сұйық майдың бағалары 320-330 теңгеден сатылып жатыр. 

 Әлеуметтік бағдарды ұстап тұру басты мақсат. Алда-жалда баға құбыла қалса, жергілікті тұрақтандыру қорынан көмек берілмек. Қазіргі уақытта 200 тоннадан астам қант, 80 тоннадай сұйық май сақтауда бар екен. Бұл – тұтынушылардың алаңдамауына бірден-бір негіз бола алады.

КЕНЖЕ САХИЕВА, дүкен меңгерушісі

Тұтынушы халқымыздың, елдің күнделікті алатын тағамдары – макарон, ұн, қант, май, соларды бір бағада төмендетіліп ұстап отырамыз. Ол тағамдарға баға өзгерілмейді. 

Әзірге, көкөністің бағасы орташа деңгейде сақталуда. Биыл қолайсыз ауа райы салдарынан жергілікті шаруалар алғашқы өнімдерін тамыз айында жинай бастайды. Оған дейін оңтүстіктен тасымалданатын өнім құны өз деңгейінде сақталмақ. Ал, тұрғындар арзанға үлестірілген азық-түліктердің бағасын негізсіз шарықтатқан саудагерлерді анықтаса, кәсіпкерлік бөліміне 32-07-30 немесе 65-24-48 телефондары арқылы хабарласа алады.

 

 

Рымбек ҚАБИДЕН

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БОБРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА САЛЫНЫП ЖАТЫР
20:51, 13 шілде 2018
БОБРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ЕКІБАСТҰЗДА «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН КОНДИТЕРЛІК-ДӘМХАНА
22:00, 10 шілде 2018
ЕКІБАСТҰЗДА «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕР...
Толығырақ...
МАРАЛДЫ КӨЛІ БОЛАШАҚТА ҮЛКЕН ТУРИСТІК АЙМАҚҚА АЙНАЛАДЫ
16:46, 25 маусым 2018
МАРАЛДЫ КӨЛІ БОЛАШАҚТА ҮЛКЕН ТУРИСТІК АЙМАҚҚА АЙНАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

22:19, 10 шілде 2018
ЕРТІС ФК ДИМИТАР ДИМИТРОВ ҚАЙТА ОРАЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
20:30, 10 шілде 2018
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
14:23, 9 шілде 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
Толығырақ...