ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ

18:54, 18 шілде 2019

Павлодарда мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып, өз кәсібінің нәсібін көріп отырған жандар аз емес. Қияр мен қызанақ өсіруші жергілікті кәсіпкер бүгінгі таңда алған несиесін толықтай төлеп, енді жылыжай ісін одан әрі өркендете түсуге көшкен.

Кәсібін ұршықтай иіріп отырған Марат Мұратов пен Елена Чувашова жылыжайының жалпы аумағы бір жарым га ды құрайды. Кәсіпкер ол үшін «Бизнес – жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қажетті соманы несиеге алған.

Жеке кәсіп иесі қызанақ пен қиярды өсіру технологиясына ерекше ден қойып, оның табиғи таза өнімдік сапасын арттыруға белсене кіріскен. Жылыжай қоймасы бөлмесіне арнайы бас сұққанымызда көкеністердің сапалы өсуіне бірден-бір себеп болып табылатын биологиялық қуатты және кәдімгі жауын құрты көмегімен түзілген тыңайтқыштарды   көзіміз шалды. Технолог маман да оның қыр-сырымен  бөлісе кетті.

Елена Чувашова, вермитехнолог:

Мінекей, сіздер қазір қатар-қатар тұрған тыңайтқыштарды  көріп тұрсыздар. Сыртттан әкеліп арнайы өңделген көңге біз  жауын құртын жіберіп, оларды табиғи жолмен қоректіндіріп барып, түзген өніміне қол жеткіземіз. Сырт көге қарапайым жауын құрты болып қана  көрінгенімен, бұл таптырмас тыңайтқыштардың бірі болып табылады. Оған ұзақ жылғы тәжірибеміз де дәлел.

Әр істі өз маманына бер, - демекші, өз ісінің қыр-сырын жетік меңгеріп, үнемі ізденісте жүрген технолог маманға еліміздің өзге өңірлерінен де арнайы мамандар хабарласып, өзара тәжірибе алмасып та тұрады .

Елена Чувашова, вермитехнолог:

Бізге Қостанай облысынан әріптестеріміз қоңырау шалып, оларда құрғақшылық жайлап жатқандығын хабарлады. Олар бидайға  біздің сұйық биогумустарды қолданған. Агроном енді оларда ешқандай құрғақшылық жоқ секілді өсіп келе жатқандығын айтады.

Бүгінгі таңда жергілікті экологиялық таза өнімнің тұтынушылары күн санап көбейіп келеді.

Марат Мұратов, ЖК жетекшісі:

Бұл Голландтық миринда қиярының типтік түрі болып табылады. Оны балалар да,  ересектер де сүйсіне жейді. Бастысы,  біз экологиялық таза өнімге құштармыз.

Әсел ЖАҚСЫБАЙ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...