ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІН АТАП ӨТТІ Толығырақ

ЕКІБАСТҰЗДА «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН КОНДИТЕРЛІК-ДӘМХАНА

22:00, 10 шілде 2018

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осындай тиімді жобалардың бірі –«Бизнестің жол картасы - 2020». Павлодар облысында аталмыш бағдарлама арқылы аз уақытта кәсібінің нәсібін көріп отырған жандар қатары көбейе түскен.

Осыдан екі жыл бұрын Татьяна Северинова Екібастұз қаласында жеке кәсібін ашқан болатын. Кондитерлік дәмхана  «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасының шеңберінде, яғни мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз гранттың қолдауымен ашылды. Кәсіпкердің айтуынша, мұндай бағдарлама ісін енді ғана бастап жатқандар үшін ғана емес, қолданыстағы бизнесті әрі қарай дамыту үшін де жақсы мүмкіндік.

ТАТЬЯНА СЕВЕРИНОВА, жеке кәсіпкер

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін біз мемлекеттік қолдаудың бірнеше бағыттарын пайдаландық. Нақтырақ айтсам, ол 3 миллион теңгелік грант, субсидия және жеке қаражат.

Жеке кәсіпкер өз ісіне бірқатар жаңашылдықтар енгізді. Мысалы, қала бойынша тәтті өнімнің кез-келген түрі тегін жеткізіледі. Сондай-ақ, тұтынушылар мобильді қосымша арқылы қалаған тағамына онлайн тапсырыс бере алады. Бүгінгі таңда мекемеде 50-ге жуық адам еңбек етіп жатыр. Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай кәсіпкер «Бәйтерек» монументінің формасын тәтті дисерт ретінде дайындап, мерекеге жиналған қауымға тарту етті. Кәсіпкер болашақта сауда желісін кеңейтуді көздеп отыр.

 

Марина САХАРОВА, Меруерт ШУКУЕВА

Тақырып бойынша материалдар

БОБРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА САЛЫНЫП ЖАТЫР
20:51, 13 шілде 2018
БОБРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
21:43, 10 шілде 2018
ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
МАРАЛДЫ КӨЛІ БОЛАШАҚТА ҮЛКЕН ТУРИСТІК АЙМАҚҚА АЙНАЛАДЫ
16:46, 25 маусым 2018
МАРАЛДЫ КӨЛІ БОЛАШАҚТА ҮЛКЕН ТУРИСТІК АЙМАҚҚА АЙНАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

22:19, 10 шілде 2018
ЕРТІС ФК ДИМИТАР ДИМИТРОВ ҚАЙТА ОРАЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
20:30, 10 шілде 2018
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
14:23, 9 шілде 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
Толығырақ...