ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ЕГІС НАУҚАНЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

14:52, 24 мамыр 2019

Өңірімізде көктемгі дала жұмыстары әлі де жалғасуда. Тереңкөл ауданының диқандары дән себу жұмыстарын 62 пайызға аяқтаған. Мамыр айының соңында егістік жұмыстарын толық аяқтаймыз дейді.

Тереңкөл ауданы бойынша қазіргі кезде 73 мың га жерге дәнді-дақылдар егілген. Бұл жалпы егістіктің 62%-ы. Ал, күнбағыс, зығыр секілді майлы дақылдарды егу жұмыстары толық аяқталған. Аталмыш ауданда былтырдан бері егістік көлемі де артқан. Атап айтсақ, дәнді дақылдар егілетін алқап, 1,5-2 мың га-ға, майлы дақылдар – 0,8 мың, ал, көкөніс – 0,2 мың гектарға ұлғайып отыр.
Нұрсұлтан Сүлейманов, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы:

Осы аудан бойынша айтатын болсақ. Қазіргі күнде дәнді-дақылдардың егілуі 73 мың га егіп тастадық. Жалпы көлемі 118,6 мың га құрайды, аудан бойынша.

Сала мамандарының айтуынша ауданда ауылшаруашылық техникасын сатып алу қарқынды жүзеге асырылуда. Яғни, техниканы судсидиялау жақсы жолға қойылған. Бүгінгі күні бөлінген жанар-жағармайдың 106%-ы игерілген. Сонымен қатар, аудан орталығының даму қарқыны да жаман емес. Сәуір айынан бастап, әмбебап дүкен де пайдалануға берілген. Тауар бағасы да қол жетімді.

Нұрболат Мақашев, аудан әкімінің орынбасары:

Әлеуметтік маңызы бар тағамдарға да мысалы, баға тұрақты. Соның ішінде нанды алатын болсақ 75 теңгеден жаңа пісірілген күйінде әрбір тұрғын алып кетуіне жағдай жасалған. Сонымен қатар кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту бағыты ерекше бақылауда. Осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Әмбебап дүкеннің жалпы инвестиция көлемі 27 млн теңгені құрайды. Осы ретте қосымша 13 жұмыс орыны ашылған. Тереңкөл, облыс бойынша қарқынды дамып келе жатқан аудандар қатарында.

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...