ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ЕГІС НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

21:32, 14 маусым 2019

Маусым айының бірінші онкүндігінде Ертіс өңірінде көктемгі егіс жұмыстары аяқталды. Биыл егіс алқабы бір миллион төрт жүз мыңға жуық гектарды құрады. Дихандар дер кезінде жеңілдетілген дизель отынын алып, егіндерін салып үлгерді.

2019 жылы ауылшаруашылығы дақылдары 1млн 384 мың га алқапқа отырғызылды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 9 пайызға көп.  712 500 гектар дәнді дақылдар алқабын құраса, 223 000-нан астам жер майлы дақылдарға бөлінген. Минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бойынша 448 млн. теңге бөлінді. Гербицидтердің құнын арзандатуға 227 млн. теңге, тұқым шаруашылығын дамытуға 628 млн. теңге жұмсалды. Барлық жұмыстар уақытында жүргізілгендіктен өнім жақсы болады, дейді мамандар.

Марат Шұғаев, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

Ауыл бизнесмендері қайдан келгенөзі білмейтін тұқымдарды сеппейді. Қазір үйренді, біледі, жақсы тұқым болса, ерте егін шығатын. Биыл енді 100 пайыз тұқымдармен қамтылды, түгел анализдан өтіп, сол себепті егініміз жақсы болады деген ойымыз бар.

Өсімдік шаруашылығын қолдауға жалпы сомасы үш миллиард теңге шамасында субсидия бөлінді. Сонымен бірге өңірдің 113 шаруашылығына көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» 2,9 миллиард теңге несие берді. Егіс науқанына жалпы саны 7412 трактор, 8096 тырма, 1790 соқа, 1207 қопсытқыш, 4451 тұқым сепкіш және 163 егіс кешені қатысты. Биыл егіннің бітік шығады деген болжам бар. Жиын-терім жұмыстары 70 күннен кейін басталады.

 

Марина САХАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...