ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

ДИҚАНДАР КӨКТЕМДЕ АЛҒАН ТҰҚЫМНЫҢ ӨТЕМІН КҮЗДЕ ҚАЙТАРА АЛАДЫ

14:49, 1 ақпан 2019

2019 жылдың 1 қаңтарынан астық тұқымын субсидиялаудың жаңа тетігі іске қосылды. Жаңа ереже бойынша диқандар көктемде алған тұқымның өтемін күзде қайтара алатын болады. Бұндай жеңілдік шаруалардың шаруасын тіктеп алуына мүмкіндік бермек.

Бұрындары диқандар  тұқым алуы үшін алдымен  қаржылық жағдайын реттеп алатын. Енді фермерлер егін  салуы үшін алаңсыз-ақ, іске кірісуіне мүмкіндік бар.  Себебі, диқан  көктемде алған тұқымның  өтемін күз айында қайтара алады.  Бұл әсіресе,  қара жерден  нәпақасын  тауып жүрген  шаруалар үшін үлкен жеңілдік. Өйткені, тұқымдық төлемнің уақыты кейінге шегерілді. 

СӘБИТ ҚАРАТАЕВ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Бұрынғы жүйе бойынша әр фермер алған тұқымының 70 не 30 пайызын төлейтін. Тікелей фермерге не қожалықтарға төлейтін. Қазір ауыл шаруашылық өндірушісі тікелей алмайды субсидияны. Тікелей алады, онда гибрит ғана алса. Ал жай сорттық тұқым алса, онда субсидия тұқым өндірушіге немесе сатушыға төленетін болады. 

Жаңа ереже бойынша биылдан бастап субсидия тұқым өндірушіге немесе тұқым сатушыға төленеді.  Келісім шарт негізінде жүзеге асатын жаңашылдық шаруалардың шаруасын тіктеп алуға мүмкіндік бермек.

СӘБИТ ҚАРАТАЕВ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Соның өтемақысын тұқым өндірушіге тікелей ауыл шаруашылығы басқармасы төлейтін болады. 100 пайызын. Ал алған тұқым үшін фермер күздігүні 30 пайызын Агрорлық несие корпорациясына төлейтін болады.  

Егер бұған дейін диқандар тұқымға алдын ала төлем жасау үшін қаржы іздеп шарқ ұрса, енді еш төлемсіз-ақ  нормаға сай тұқымға қол жеткізе алады. Бұл  шаруаның уақыты мен қаржысын үндемеуге  септігін тигізбек.

Өзгеріс ҚУАНАР

Тақырып бойынша материалдар

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ОДАҚ ТУРАЛЫ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙҒАНҒА 5 ЖЫЛ
21:10, 4 сәуір 2019
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ТУРАЛЫ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙҒАНҒА 5 Ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...