ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

10:16, 13 маусым 2018

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа жолдауында бірқатар міндеттер жүктелген. Солардың бірі – қазақстандық алпауыт кәсіпорындарды цифрландыру. Аталған бағдарлама біздің өңірде қалай іске асуда? Осы сауал облыстық әкімдікте өткен отырыта қаралды.

Облыстағы өндірістік кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту мен цифрландырудың бағдарламасы 2018-2025 жылдарға көзделген. Биылғы жылдың сәуір айында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың жол картасы бекітілді. Осы ретте 80 ұсыныс келіп түскен.

ЕРЛАН ДҮКЕНБАЕВ, инвестицияларды тарту агенттігі директорының м.а.

Ұсыныстардың 8 – орталық мемлекеттік органдардан болса, 72-сі жергілікті атқарушы органдардан. Цифрландыру кеңсесі алпауыт өндірістік ошақтармен бірге жобаларды енгізудің жоспарын жетілдірді. Бұл кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту мен цифрландыру бойынша 40 шара.

Биыл 17, 19-22 жылдары 13 ал 23-25 жылдары 10 шара жүзеге асыру жоспарланған. Жобаларды егжей-тегжейіне дейін қарау керек. Себебі кейбірі цифрландыруға ұқсамайды, - деп атап өтті Болат Бақауов. Ол нақты сандандырудың үздік үлгілерін атады.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Біз жуырда Бозшакөл кен байыту комбинатында болдық. Онда цифрландыру нақты білініп тұр. Мәселен, егер Қазақмыста 60 мың адам жұмыс істесе, Бозшакөлде 1400 адам. Себебі бәрі цифрланған.

Отырыс барысында кей алпауыт кәсіпорындар электрқуатын бақылау мен есептеудің автоматтандырылған жүйесін әлі күнге дейін енгізбегені мәлім болды. Бұл шығын мөлшерінің артуына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен, технологиялық жаңғырту мен цифрландырудың пайдасы неде? Мәселен, «Проммашкомплект» өндірістік ошағында еңбек өнімділігі 3-5 пайызға артып, техникалық қызмет көрсетуге кететін шығын 30-40 пайызға дейін қысқармақ. Сондықтан оны іске асыру маңызды.

Салтанат НЫСАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ҮНЕМДЕУ -   БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК
16:27, 11 қыркүйек 2018
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ҮНЕМДЕУ - БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК
Толығырақ...
ИМПОРТ ПЕН ЭКСПОРТ КЕЗІНДЕ ЖАНУАРЛАРДАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕРГЕ ВЕТИРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ
17:51, 6 қыркүйек 2018
ИМПОРТ ПЕН ЭКСПОРТ КЕЗІНДЕ ЖАНУАРЛАРДАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕРГЕ В...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар