ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

БЮДЖЕТ НАҚТЫЛАНДЫ

18:55, 27 қыркүйек 2019

2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджетіне түзетулер енгізілді. Бұл ретте республикалық қазынадан бөлінгенген мақсатты трасферттер мен 4 миллиард теңге қаперге алынған. Облыс бюджетін мақсатты пайдалану үшін әлеуметтік және кіріс салықтарынан түскен 500 миллионна артық кіріске түзетулер жасалды.

1,7 млрд теңге мынадай бағыттар бойынша оңтайландырылған. Облыстық маңызы бар жолдарға орта деңгейлі жөндеу жасауға 353,9 млн теңге. Оған Торайғыр, Жаңажол, Ескелді, Бесқауға ауылдарына кіре беріс жолдар жатады. Ақсу мен Павлодар қалаларында екі көп қабатты үйге инженерлік коммуникация тартуға 295 млн теңге. Павлодар қаласында 23 шағын-футбол жабындысын сатып алуға 287,6 млн теңге, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын субсидиялауға 300 млн теңге, жаппай кәсіпкерлік және өнімді жұмыспен қамтуға кепілді несие беру үшін 83,8 млн теңге жұмсалады. Бұдан өзге жалпы сомасы 4 млрд теңгеге түзету енгізілген.

Мақсат Тұрлыбаев, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

4 млрд теңге сомада түзету ескерілгенін айтып өтемін. Жалпы, облыстық бюджетті нақтылау бойынша барлық мәселелер облыстық бюджеттік комиссиясы отырысында, облыстық қоғамдық кеңесте, маслихаттың комиссиясында экономика және бюджет мәселелері бойынша қаралды.  

Тақырып бойынша материалдар

ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
19:43, 25 желтоқсан 2019
ШАРБАҚТЫДА АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
19:51, 19 желтоқсан 2019
ПАВЛОДАРДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар