ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

БОС ЖАТҚАН КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУГЕ ИНВЕСТОР ҚАЖЕТ

15:20, 14 мамыр 2018

Өңірімізде пайдаланылмайтын кен орындары көп. Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының дерегінше тек бір Баянауыл ауданында 10 кен орны бос жатыр. Жағдай өзге аудандарда да мәз емес. Аппараттық жиын барысында облыс әкімі мәселені жан-жақты қарастыру керектігін айтты. Қажет болса, бағытқа потенциалды инвесторларды тарту ісін жандандыруды тапсырды.

Облыста кен өндіру ісі жанданып келеді. Былтыр өндіріс көлемі 34,7 млн теңгені құраған. Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, дегенмен салада шешілмей тұрған мәселе бар. Ол – бос жатқан кен орындары. Анықталғандай, Павлодар, Екібастұз және Ақсу қаласының әрбірінде пайдаланылмай жатқан 3 кен орны анықталған. Аудандардағы ахуал да осыған саядыМәселен, бір Баянауылда 10 кен орны бос жатыр.  

ҚАДЫЛЖАН СӘТИЕВ – Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы

Баянауыл ауылындағы бос жатқан кен орындары негізінен саз балшық өндірісі. Бүгінде мұндай бес кен орны бар. Дегенмен, бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Соңғы бір жылда осы салаға бірнеше инвесторды тарттық. Мәселен, «Нұр Жол» ЖШС. Басында кен өндіру ауқымы 6 мың текше метр болса, қазір көрсеткіш 60 мың теке метрге жетті. 

Облыс әкімі Болат Бақауов бос жатқан кен орындарын анықтап қана қоймай, ол аумаққа қатысты қажетті ақпаратты да жинауды тапсырды. Осылайша, пайдаланылмаған кен орындарын потенциалды инвесторлар үшін тартымды ету. Бұл өңіріміз үшін емес, ел үшін де маңызды жұмыс болмақ.   

БОЛАТ БАҚАУОВ – Павлодар облысының әкімі

Көмір кен орындарына қатысты нақты бір жүйе қалыптастыру керек. Бүгінгі таңда бізде тек төрт кен орны жұмыс істеп тұр. Восточный, Богатырь, Сарыкөл және Талдыкөл. Бірақ, басқа өңірлерде көмір тапшылығы сезіліп, сұраныс жоғары. Сондықтан, біздегі бос жатқан аумақтарды басқа аймақтың бизнесіне ұсынуға болады ғой?! Осы мәселені зерттеп, қадағалау керек.

Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар арасында келісімшарттағы талаптарды орындамау дерегі көбейген. Басқарма басшысы бірнеше кәсіпорынмен ортадағы шартты бұзуға тура келген жағдайдың болғанын айтты. Облыс әкімі Болат Бақауов міндеттемелерін орындамайтын кәсіпорындарға қатысты мониторингті күшейтуді тапсырды.    

Салтанат НЫСАНБЕК

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ТЕМІРЖОЛ ДӨҢГЕЛЕГІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
12:07, 13 желтоқсан 2018
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ТЕМІРЖОЛ ДӨҢГЕЛЕГІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ...
Толығырақ...
БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ АСТЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНА ШЫҒУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ
10:00, 7 желтоқсан 2018
БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ АСТЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНА...
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕР ОНЛАЙН ТІРКЕУІ БАР КАССАЛЫҚ АППАРАТҚА КӨШЕДІ
18:30, 6 желтоқсан 2018
КӘСІПКЕРЛЕР ОНЛАЙН ТІРКЕУІ БАР КАССАЛЫҚ АППАРАТҚА КӨШЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...